Үйлену тойын киіз үйде өткізу Англияда жаңа трендке айналды
жеке
блог

Үйлену тойын киіз үйде өткізу Англияда жаңа трендке айналды

“Біз серіктесім екеуміз киіз үйді өте қатты ұнатамыз. Өйткені, ыңғайлы конструкциясының арқасында оны кез-келген жерге орнатуға болады. Ол өте әдемі, ерекше образдағы үй. Киіз үй бас қосып жатқан екі жасқа да тамаша әсер сыйлайды”, – дейді Лиззи есімді “Тойға арналған киіз үйлер” бизнес-жобасының авторы.

Компания клиенттерге киіз үйді өздері жеткізіп, оны құрып,толықтай дайын қылып береді. Сондықтан да тапсырыс берушілердің алаңдауына еш негіз жоқ. Киіз үй бірнеше сағаттың ішінде жылдам жиналады. Бұрын көшпенді халықтардың арасында бұл шаруамен әйелдер мен балалар айналысып, небәрі 1,5-2 сағаттың ішінде жинай алған. 

Үйленуге арналған бұл үйлер дәстүрлі ақ немесе ашық түсті заттармен сәнделеді. Көшпенділер де тазалық пен гүлденудің белгісі саналатын бұл түс үйленуге арналған киіз үйлердің де ажарын аша түседі. Мерекелік киіз үйді әртүрлі фантазиямен сәндеп, безендіруге болады.

Англядағы ең ірі ивент-агенттікке тиесілі ең үлкен киіз үй 90-ға жуық қонаққа арналған. Бұл ағылшын тойы үшін жеткілікті. Әрине, адам көбейіп кеткен жағдайда, олар тағы бірнеше киіз үйге тапсырыс бере алады. Киіз үй той иелері мен той қонақтарына қайталанбас әсер мен ерекше атмосфера сыйлайды. 

Киіз үйде өткізіліп жатқан үйлену тойлары Ұлыбритания мен Канадада үлкен сұраныста. Киіз үйді жалға алу құны 3-5 мың ағылшын фунт стерлингі шамасында. Көшпенділердің колоритін түгелдей дерлік ағылшын тойларына бейімдеу ұйымдастыру агенттіктерінің мақсаты емес. Олар тек киіз үйдің түпкі негізі мен конструкциясын ғана алған. Осылайша ежелгі көшпенділердің негізгі баспанасы болған, қазақ халқының бренді іспетті киіз үй, күллі әлем архитекторлары мен дизайнерлерінің ықыласын арттырып отыр.

Ақпарат: stan kz