Күтпеші менен көркем жыр...
жеке
блог

Күтпеші менен көркем жыр...

(Әйгерiм)***

Күтпеші менен көркем жыр...

Арманым болмас, өзіңді көрсем бір! ?

Күнім күн емес,түнім де түн емес

Арманым болмас, жанымнан өтсен бір!?

Көңіліме нұр құяр шамшырағым!!

Жанарыма сәуле болып шашырадын!

Құлағына сыбырлап айтар сырымды

Көздерімнiң ішінде жасырамын!!

Дірілдеген көмейiме үн құйып мұңнан.

Солып қалғандаймын тұңғиық мұңнан.

Сарғайған сағыныш ноталарын

Оқып кет жанарымның тұңғиығынан!

Мен саған түк айтпаймын...келші??

Өніме...мейлі тіпті түсіме болсын енші?

Арамызды бөгейді мың шақырым

Бiздегi  сағынышқа уақыт қана - емші...

21.05. 15