МЕН СЕНІ СҮЙЕМІН ӘЛІ ДЕ!!!

МЕН СЕНІ СҮЙЕМІН ӘЛІ ДЕ!!!
жеке
блог

Арманның адасып ішінен,
Жүрегім айрылды күшінен.
Сен мені жылаттың аяусыз
Мен сені барым деп түсінем!
*** *** *** *** *** 
Бұл күнде жоқ сезім, жоқ арман,
Бәрі енді елестен құралған.
Жете алмай сезімнің шыңына
Қайғыдан жүрегім жылаған!
*** *** *** *** *** 
Қол созған жүрегім өзіңе,
оралды бос күйде өзіме.
Сол күндер арман боп қалды ма
Өзіңмен қосылар өмірде!
*** *** *** *** *** 
Сене алмай келемін мен әлі
Неден мен іздейін кінәні?
Өзіңе арналған сезімім
Тұншығып жүректе жүр әлі!
*** *** *** *** *** 
Қараймын суретке көз алмай,
Кеттің сен сезімді сезе алмай.
Ұшып сен барасың басқаға
Мендегі ұяға қона алмай!
*** *** *** *** *** 
Жүрегім айналып жетімге,
Қайғы мен мұң толып көзіме!
Амалсыз мен бақыт тілеймін
Қол жетпес ғашығым өзіңе!!!
*** *** *** *** *** 
СЕН МЕНІ ОЙЛАМА... АҢСАМА...
МЕН СЕНІ СҮЙЕМІН ӘЛІ ДЕ!!!

УАЛИХАНҰЛЫ БАТЫЛ!