Ойлады

Ойлады
жеке
блог

Түсе берді ақша қар жер бетіне,

Жылтырайды көздің жауын алып.

Кете берді қарамай келбетіне,

Қолыменен бетін ол жауып алып.

 

Көрмесін деп өзгелер көздің жасын,

Санап шықты әр қадамын басқан ол

Төмен қарап өксіді байғұс лашын.

Жұртқыш құста адасты ау,таппады жол.

 

Сұңқарынан бас тартты ғашық бола,

Нәзік аққу негізгі оның теңі деп

Ұмытармын,еске алмай,қашық бола,

Ойлады қыз қатып жатқан теңізге кеп.

 

Аппақ аққу болып шықты кескіні,

Сезім де,дала да суып кетер кешкілік...