Бәрі де уақытша

Бәрі де уақытша
жеке
блог

Іс-әрекет болмаса, құры сөзіңіз - бекер, бос нәрсе. Әркімге, әрнәрсеге қатысты алып қарасақ та, "айтылған сөз - атылған оқ" болудан қалған заман ғой қазір. Сол себепті біреу жақсы айтты деп сүйініп, жаман айтты деп күйіну орынсыз. 

Сіз үшін шын мәнінде қымбат жаннан ешнәрсеңізді аямаңыз. Мейлі, ол өміріңіздің уақытша қонағы болса да. Мейлі, ол қадіріңізді дер кезінде білмесе де. Мейлі, ол кетсе де. Одан Сіздің ешнәрсеңіз де кетпейтініне мен кепіл. 

Ааа, Сіз оның алдында төмендеп қалудан, оған есеңіз кетіп, "желінуден" қорқасыз ба??? Аяғында "жаралы жүректің" иесі болып қалудан үрейленемісіз??? Ондай тәкаппарлықты, өзімшілдікті ұмытыңыз, қалқам. Өйткені бүгін бар, ертең жоқпыз: Сіз де, біз де. 

Жүрек қалауына ерік бере біліңіз. Сүйіңіз, тек іштей емес! Сүйетініңізді білдіріңізші: әрдайым, тіпті сәт сайын. Сыйлаңыз, жай ғана емес, қуаныш сыйлаңызшы. Себебі, өмір қып-қысқа ғой, тыыым қысқа... Өтеміз де кетеміз. 

Бәрімізге берілген өлшеулі ғұмыр. Бәрімізде бір жүрек. Ал жүрекке әділетсіздік жүрмек емес!!! 

Ақыл ма? Жүрекке ақылдың қажеті шамалы, ол ақымақ емес, өйткені. Бәрі бір өз қалауын жасайды. Қысқасы, "ақылға бағыну" деп өз-өзіңізді алдап, жүрекке сатқындық етудің керегі жоқ. 

БӘРІ УАҚЫТША... (с)