Мен саған ғашықпын, МАССАГЕТ!!!

Мен саған ғашықпын, МАССАГЕТ!!!
жеке
блог

 "Бір көргеннен ғашық болу"-деп жатады ғой осы,ал мен МАССАГЕТКЕ "Бір кіргеннен ғашық болдым".

  Массагет оқырмандарының қатарына қосылғаныма тек екі-үш күн ғана болса да, massaget.kz мені өзіне ынтық қылды. Бос уақытым табыла қалса МАССАГЕТКЕ асығамын. Мені компьютерден бас алдыртпай өзінің қызықты әлеміне саяхат еткізетін бұл МАССАГЕТТЕ не сиқыр бар екен?! Қызық...

  Бар сырын ақтарып, ойын ортаға тастап,  білім мен қазақы тәрбиеге сусындалып жазылған мақалалар - кейде қиялыма қанат бітіріп шабыт әкелсе, кейде терең ойға берілуіме де себепкер болады, ал кейде шынайы ақкөңіл тамаша адамдардың ортасына тап боламын,ал кейде ерекше бір қызықты,таң тамаша таңқалдыратын әлемге топ етіп түсе қаламын.

  Көптен күткен көктемнің шуақты күндері маған жаңа бір ауру алып келді. Ия,Ия... ауру. Мен МАССАГЕТПЕН ауырамын!

  Казнеттегі осындай порталдың барына рахмет. МАССАГЕТ тілшілері мен блоггерлеріне,оқымандарына алдағы уақытта шығармашылық табыс, алдыларынан ақ күн тусын деймін. Сіздердің алдарыңызда басымды ием. 

                                                   МАССАГЕТКЕ МЫҢ АЛҒЫС!!!!! 

            П-сы: шын жүрегімен МАССАГЕТКЕ тек табыс тілейтін оқырман)