Үйлене салып ажырасу тенденциясы

Үйлене салып ажырасу тенденциясы
жеке
блог

Бұлай деп тақырып қойғаным, жақында болған мына бір жайт есіме түсіп отыр. Менің досым бар, жақсы жігіт. Ішімдікке, темекіге әуестігі жоқ. Жеке кішігірім бизнесі бар. Әке - шешесін де жақсы танимын. Көпке үлгі болып отырған тамаша жандар деуге болады. Сол досым 4 айдай бұрын өзінің жүрген қызымен отау құрды. Жақсы, үлкен той өтті. Жақында, отбасы болған екі жас ажырасып кетті. Заңды түрде. Себеп, "қызға қырық үйден тыю" деген принциптің сақталмауы. Нені меңзеп отырғанымды түсінген боларсыздар. Менімен келісетінде шығарсыздар, мұндай жағдайлар қазір өте көп кездеседі. Жастардың бір біріне адал болмауы, соның себебінен айырылысуы  қазір құпия емес. Тіпті, етіміз үйренді деуге болады. Солай ғой. Мүмкін, бар кінәні жігіттерге аудару арқылы көлеңкеде қала беру дұрыс емес шығар?! Неге десеңіздер, жігіттерге қара күйе жағатын посттар, блогтар арыға бармай-ақ осы сайттан көп кездестірдім. Мәселе, досымды жақтау емес еді. Тек қыздарымыздың кез келген қателігіне жігіт атаулыны кінәлай беру дұрыс болмас дегім келеді. 

 Пы.сы Орфографиялық қателер бар, кәсіби жорналшы емеспін.