Мен бір жан едім мойындамас сезімді!!!Сезімсіз бос дуние,Сақтап жүрмін түкпіріне қиялдың!!!

Мен бір жан едім мойындамас сезімді!!!Сезімсіз бос дуние,Сақтап жүрмін түкпіріне қиялдың!!!
жеке
блог
Мен бір жан едым мойындамас сезімді,

Жек көргенмен өзге түгіл өзімді.

Алғаш сені көргенім де шошындым,

Көздеріңнен алып қашып көзімді.

 

Жек көрдім бе ұнаттым ба түсінбей,

Бір мезетте сағым болдың түсімдей.

Оңашада келбетіңді қиялмен

Елесттетім мен қалған мүсінмен.

 

Түрің суық көзің мөлдір алайда.

Елемедім қанша адам маңайда.

"Тағы көрсем",деп жүргенде бір күні

Тәңір бізді кезіктірді қалайда

 

Танысам да танымастай кейіпте ем,

Қарап тұрмын не деген сен сүйікті ең.

Сөйлегім кеп ұмытылғанда сол мезет...

Дауыс шықты жылы шырай кейппен.

 

Дәл сол сәттен ойым сенен кетпеді.

Бәкім сенсің іздеп оның жеткені.

Ұрланып та нөмірінді алдым - ау,

Қоңырауға еш батылым жетпеді.

 

Сүретіңе қарап жүріп сүйсіндім.

Бірақ менің бұл халімді білсін кім.

"Жағдай" сұрап жолдап едым SMS

Суық жауап іштей тынып күрсіндім.

 

Күнде келіп сезім сыртқа атылды,

Тіпті сенің білмейді екематыңды.

Айтып салдым сезімімді жасырмай

Жиыстырып "қыз"дейтін бұл затымды.

 

Не түсіңдің,не сезіндің қараңғы.

Кеттім де мен алыстатып арамды,

Ер мінезді болсам- дағы қысылдым

Алғаш өзім басқаннан соң қадамды.

 

Мен бір қызбын,түсінерсің,ұяңмын.

Бәлкім содан,сенен біраз ұяалдым.

Өз бетімше сені елден жасырып

Сақтап жүрмін түкпіріне қиялдың.

 

© Қожағұлова Акмарал!