жеке
блог

Жай ғана, жақсы көреді екенмін..!

   Менің сүйікті сайтым, Массагет.кз! Келе жатқан туған күніңмен шын жүректен құттықтаймын! Тәуелсіздік күнімен қатар 2011 жылдың 16-желтоқсанында «Массагет.кз» деген сәби дүниеге келіпті...

   Массагет.кз мен үшін блогосфера деген ұғыммен әбден танысып, блог әлеміне қызығып, «мен де жазсам ғой» деп жүрген кезде пайда болды. Сайтқа кездейсоқ тап болсам да, сол күннен бастап оның тұрақты оқырмандарының біріне айналдым. «Өзіндік із қалдырайын» деп те ойладым...

   Массагет.кз – менің екінші күнделігім іспетті...Бастысы, өз ойларыңмен бөлісіп, замандастарыңмен пікір алмасуға болады. Сайттың безендірілуі де маған ерекше ұнайды. Тың мәліметтермен күн сайын толықтырылып отыратын айдарлары да қызықты! Жаңалықтың бәрін де бірінші болып осы сайт арқылы біліп отыруға болады...

    Массагет.кз-те не істеп жүрмін?! Жазбамды оқыған достарымның көбіне қоятын сұрағы "сайтта жұмыс істейсің бе?" - дейді. – Әрине, жоқ. - Онда сайтты не үшін қолданасың? - Жай ғана, массагетті мен жақсы көреді екенмін...)) Соны түсіндім...)  Кірмесем, бір нәрсе жетіспей тұратындай...) Пікір қалдырмасам да, бір кіріп шығу әдетке айналып кеткен...

               Туған күнге арнап мен салған сурет..)) 


    Массагетик, туған күніңмен! Өркендей бер, жасай бер! Интернет кеңістігінің биігінен ғана көрейік! Оқырмандарың көп болсын! Сайт ұжымын да осы айтулы мерекемен шын жүректен құттықтаймын! 1жасқа толғалы отырған сәбиіңіздің өмірі ұзақ болсын, ғұмырлы болғай! Жұлдызың сөнбесін, жарқырай бер, жайнай бер Массагет.кз! Сайттың барлық қолданушыларына тілерім, massaget.kz-пен өткізген әрбір жылыңыз жемісті, айларыңыз арайлы, күндеріңіз көңілді, сағаттарыңыз сәтті, минуттарыңыз мәнді болсын!

 

Мерейі өссін Массагеттің нұр толып,

Қазақ жастар басын қосты нар қылып,

Әлем көрер ғаламтордан бүгінде

Атанғайсың "Озық сайты" мәңгілік!!! 

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту



Жұлдызды блогтар

Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі