Қазақ киноиндустриясы
жеке
блог

Қазақ киноиндустриясы

Соңғы жылдары отандық киноиндустрияда үлкен даму серпілісі орын алуда. Кинотеатрлар саны жылдан-жылға көбейіп келеді, бірақ ең бастысы, жыл сайын Қазақстанда түсірілген немесе Қазақстандық режисерлар түсірген фильмдер сапасы жағынан өте жоғары бағаланып, өз көрерменін табуда. Отандық актерлер көрермендердің сүйкті жұлдыздарына айналып келеді.

Қазақстандағы киноиндустрияның тарихы

Қазақстан аумағындағы алғашқы киносеанстар 1910 жылы өткізіле бастады. 1925 жылы Қазақстандық кино түсіру жағына қарай алғашқы қадамдар сол кездегі астанамыз  Қызылорда қаласында жасалды. Сол жылы Қазақстан туралы «Годовщина KACCP» атты алғашқы деректі фильм жарыққа шықты. Алайда Қазақстан тарихындағы алғашқы фильм, 1938 жылы Алматы кинохроника студиясында түсірілген «Амангелды» атты көркем фильм. Одақ кезінде отандық киноның дамуына қазақ жазушылар, сценаристер, драматургтер, режиссерлер, композиторлар, суретшілер мен актерлер үлкен үлес қосты. XX ғасырдың 60-шы жылдары қазақстандық кинематограф ұлттық киноны дамыта бастады, ал посткеңестік кезеңде заманауи фильмдер түсіреле бастады. Көрермен енді Кеңес Одағының идеологиялық киноларына қызығушылық танытпады.

Тәуелсіз қазақстан киноматогрофы

Қазақстан егемендік алғаннан кейін біздің киноиндустриямыз ұзақ уақыт бойы өз орнын таба алмай келді. Біраз уақыт ол ресейлік киноға еліктесе,  кейін АҚШ киносына еліктеді. Соңғы бірнеше жылда қазақ киносының әлемде өз орнын қалай тапқанын байқауға болады. Отандық сериалдар мен фильмдердің тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл посткеңестік әлемде жастар арасында күннен-күнге танымал болып келе жатыр.

Қазақ киносының басты артықшылықтарының бірі – тарихымыз.Тарихы кең болғандықтан қазақ киносы кез келген тақырыпта фильм түсіре алады. Ал, минустарды айтсақ, мемлекет жас режиссерлерге қолдау көрсетпейді. Қазақстандағы танымал фильмдердің көпшілігі жеке студияларда түсірілген.                              

Қазіргі отандық кино қазақстандық көрерменнен жақсы пікір ала бастады, бұл жағдайға  қарамастан көрермендер шетелдік фильмдері басымдық береді.

Қазақстанның кино саласының әлеуеті зор, дегенмен алдағы уақытта бұл салада әлі де ауқымды жұмыстар атқару қажет екені жасырын емес.