Hustlers: Аферист қыздар туралы фильм

Hustlers: Аферист қыздар туралы фильм
жеке
блог

Аферист қыздар туралы Hustlers ("Қалта қағушылар") фильмінің әлемдік премьерасы 9 қыркүйек күні  Торонто халықаралық кинофестивалінде өтті. 

Басты рөлдерді Дженнифер Лопез, Констанс Ву, Джулией Стайлз, Кеке Палмер, Лили Рейнхарт, Лиззо мен Карди Би сынды жұлдыздар сомдаған картинаның жабық көрсетілімі кеше Sulpak Cinema ұйымдастыруымен Lumiera кинотеатрында болды. Жергілікті прокатқа 12 қыркүйектен бастап шығады. 

Фильм сюжеті New York Magazine басылымына шыққан журналисттік зерттеу мақаласы бойынша жазылған. Джессика Пресслер есімді репортер Уолл стрит бөрілерінің қалтасын қаққан биші қыздардың жұмыс істеу схемасынан бастап, олардың мінез-құлқы мен осал тұстарын да ашық көрсеткен. Бұл мақала журналистің есімін бүкіл әлемге атақты етті.

Фильмнің басты кейіпкерлерінің бірі – Рамона: "Біз елді тонап байыған кәсіпкерлерді аулаймыз, бұл қылмыс емес" -дейді. Осы сөзіне ерген жас қыздардан арнайы топ құрып, құйтырқы әрекеттерін жүзеге асырады.

Бұл фильм жанры криминалды триллер болғанымен, шындығында драмадан комедияға дейінгінің бәрі бар.