Кино тарихындағы ең табысты фильмдер

Кино тарихындағы ең табысты фильмдер
жеке
блог

10.Қара пантера (Black Panther).2018

Табысы: 1 346 913 161 $

Marvel Studios компаниясының 18-ші фильмі.АҚШ тарихындағы 3-ші табысты фильм.Фильмде Т'Чалланың еліне келіп таққа отыруы жайлы болады.Бірақ таққа отыруға тек Т'Чалла ғана үміткер емес.

 Black Panther

9.Кек алушылар: Альтрон дәуірі (Avengers: Age of Ultron).2015

Табысы: 1 405 403 694 $

Marvel Studios компаниясының 11-ші фильмі.Щ.И.Т ұйымы жойылғаннан кейін Тони Старк әлемді құтқаратын бағдарлама,"Альтронды" ойлап табады.Алайда бұл ойы геноцидке әкеліп соғады.

 Avengers: Age of Ultron

8.Форсаж 7 (Furious 7).2015

Табысы:1 516 045 911 $

Жылдамдықты сүйетін Доминик Торетто командасы жайлы фильмнің 7-ші бөлімі.6-шы бөлімнің басты зұлым кейіпкері,Оуэн Шоудың ағасы Декард Шоу бауырының кегін алуға аттанады.Фильм 17 күнде 1 млрд. АҚШ долларын жинады.

 Furious 7

7.Кек алушылар (Marvel's the Avengers).2012

Табысы: 1 518 812 988 $

Marvel Studios компаниясының 6-шы фильмі.Жердің ең үздік суперқаһармандары бірігіп Локи мен Читаури әскеріне қарсы тұрады.Бірақ ол оңайға соқпайды.Фильм 19 күнде 1 млрд. АҚШ долларын жинады.

Marvel's the Avengers

6.Юра дәуірінің әлемі (Jurassic World).2015

Табысы: 1 671 713 208  $

1993 жылы шыққан динозаврлар жайлы фильмнің 4-ші бөлімі.Фильм 2015 жылдың 2-ші табысты фильмі.Фильм сюжеті бойынша ғалымдар жаңа динозавр қолтұқымын ойлап табады.Алайда ол өте ақылды болып шығып,паркке бұрын соңды болмаған жағдайға әкеліп соқтырады.Фильм 13 күнде 1 млрд. АҚШ долларын жинады.

 Jurassic World

5.Кек алушылар: Шексіздік соғысы (Avengers: Infinity War).2015

Табысы: 2 048 359 754 $

Marvel Studios компаниясының 19-шы фильмі.Фильм "Кек алушылар" тетралогиясының 3-ші бөлімі.Фильмде Ғаламның ең күшті қолбасшысы Танос алапат күшке ие 6 тасты іздеуге шығады.Алайда оның жолына Кек Алушылар мен Галактика сақшылары қарсы тұрады.Фильм 11 күнде 1 млрд. АҚШ долларын жинады.

 Avengers: Infinity War

4.Жұлдыздар соғысы: Күштің оянуы (Star Wars: The Force Awakens).2015

Табысы: 2 068 223 624 $

Әйгілі "Жұлдыздар соғысының" 7-ші эпизоды.Фильм 2015 жылдың ең табысты фильмі және АҚШ-та 936 млн. доллар табыс тауып ең табысты фильм болды.Фильмде Империя күлінен Сноук пен оның оң қолы Кайло Рен бастаған "Жаңа тәртіп" атты зұлым галактикалық мемлекет құрылады.Оған тек Альянс қана қарсы тұра алады.Фильм 12 күнде 1 млрд. АҚШ долларын жинады.

 Star Wars: The Force Awakens

3.Титаник (Titanic).1997

Табысы: 2 187 463 944 $

Джеймс Кэмеронның әйгілі апатқа ұшыраған кеме жайлы,оның ішіндегі екі жастың махаббатын жырлайтын фильмі.Осы фильмнен кейін Леонардо Ди Каприо әлемге танымал болады.

 Titanic

2.Кек алушылар: Ақтық соғыс (Avengers: Endgame).2019

Табысы: 2 238 487 456 $

Кек Алушылардың Таноспен ақтық соғысы.Фильм Marvel Studios компаниясының 22-ші фильмі.Фильм бар болғаны 5 күнде 1 млрд.$,8 күнде 1,5 млрд.$,11 күнде 2 млрд.$ жинады.

 Avengers: Endgame

1.Аватар

Табысы: 2 787 965 087 $

Джеймс Кэмеронның болашақ тақырыбындағы фильмі.Фильмде көк гуманоидтардың адам денесімен байланысуы айтылады.Фильм жоғарыда айтылған "Титаник" фильмі ұстаған 12 жылдық рекордты бұзды.Және 2 миллиард доллар табыс тапқан тұңғыш фильм атанды.

Avatar