Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Киноөндіріс тариxынан

Киноөндіріс тариxынан

Киноөндіріс тариxынан

Кино дегеніміз не ? Киноиндустрияның қандай мақсаттарымен міндеттері бар? Ең алғашқы фильм қай елде , қашан жарық көрді? Сұрақтардың жауабын білгіңіз келсе, бұл ақпарат сізге арналады, құрметті көрермен.

 

Жалпы Кино дегеніміз белгілі бір топты емес, бүкіл қоғамды жаппай қамти алатын, сол арқылы адам баласының көңіл-күйіне, санасына зор ықпал ете алатын үлкен өнер екендігін түсінуіміз қажет. Ол белгілі бір дәуір мен қоғамдық көріністермен үндесетін тірі организм. Қоғамдағы түрлі шырғалаңдардан өтіп, бірде құлдыраса, бірде өрлейтін заңдылық та оған тән болса керек.

 

Темір жол бекетіне пойыздың келіп тоқтағанын, одан жолаушылардың түсіп жатқанын көрген бір топ адам зәресі ұшып, залдан қашып шыққан көрінеді.  Бұл оқиға 1895 жылы ағайынды Люмьер мырзалардың Париж тұрғындарына ұсынған  «Ла Сиотоға пойыздың келуі» атты әлемдегі ең алғашқы 50 секундтық қана шағын киносының көрсетілімінде болған еді. Қазіргі күні 593 минуттық немесе  9,8 сағатқа дейін созылатын, ғарыш әлемінің өзін экранда көз алдыңа әкелетін  көркем фильмдер жасалса да жұртты таң­дандырмайтын болды. Осы  тұста, сол бір тұңғыш кинодан соң дүниенің түп-тамырымен өзгергенін ерік­сіз мойын­­­дайсың. Алғашқы кинодан кейін не­бары 15-20 жыл өтер-өтпесте 2 сағат бойы көрсетілетін кинолар Италияда жасала бастаған екен. 1914 жылы аталмыш ел­де жасалған «Кабириа» (Cabiria) атты кино АҚШ президентінің шақыруымен Ақ Үйде тұсаукесерін өткізген.

 

Кино өнері ғасырдан астам уақыт ішіндегі даму жолында алғашқыда тарихи, көркем жанрларынан бастап, орта кезеңінде  қиял-ғажайыпқа ұласты. Ал, бүгінгі күні комикалық көп сериялы туындыларды арқау еткен  блокбастер сипатқа көшіп отыр. Жалпы, кино жасау үшін  адам факторы, еңбек күшінен бастап, техника-технологиялық құралдармен қамтамасыз етілетін қыруар қаржы көзі керек.  Осы себептен де, оның барлық талаптарына жауап бере алатын ірі киностудия индустриясы жасалады. Оны әрине, өнер арқылы пайда табуды мақсат еткен  бизнес құрылымдары ғана қолға ала алады. Әлемдегі мұндай жүйенің алып мекені – Голливуд екені баршамызға аян.

Голливуд голливуд болғалы, оны айтасыз қазірдің өзінде «20the Centyry Fox», «Warner Bros», «Paramount, Columbia», «Universal» деген 5 алпауыт  студия үс­темдік етсе, кейін «Walt Disney» келіп қо­сылды. Коммерциялық мақсатқа басымдық беретін ірі студияларды не­гіз етіп алған Голливуд мазмұны жа­ғынан жұртшылық назарын ерекше аударарлықтай тақырыптарды таңдауға тырысады. Кинотуынды жасайтын бас­ты тәсілдеріне келсек, сценарий жазудан бастап түсірілім жасау, монтаждау, өңдеу, дыбыс режиссурасы дегендей әр кезеңдерінде әбден маманданған шебер атқарушылар қызмет етеді. Мұны дәл өндірістегі қатаң тәртіппен жұмыс іс­тейтін жүйемен ұқсастыруға болады.

 

Америкалық көркем фильмдер қоғамы (Motion Picture Association of America) жүргізген зерттеулерге қарағанда тек 2017 жылдың өзінде әлемдік кино рыногінде сатылған билеттерден түскен кіріс 36,4 миллиард долларға жеткен екен. Оның ішінде АҚШ пен Канада нарығына 10,9 миллиард доллар тиесілі, яғни, барлық табыстың 28 пайызын құрап отыр. Сонда Америка мен Канадада барлық тұрғындардың 68 пайызы немесе 229,7 миллион адам жылында аз дегенде бір мәрте кинотеатрға барады деген есеп шығып отыр. Аталмыш зерттеу спорт, ойын-сауық саябағы секілді мәдени орындардан гөрі киноға деген сұраныс 9 есеге артық екенін көрсеткен. Өткен жылғы мәлімет бойынша кино театрлардан тапқан табысы бойынша АҚШ пен Канададан кейінгі орынды 4,8 миллиард долларлық пайдамен Қытай иеленген.

Кино өнері пайда болған кезден бас­тап кинотеатр – оны таратушы басты құрал болып келеді. Бүгінгі күні киноны кең экранда кинотеатрда отырып көру мәдениеттіліктің белгісі ретінде қалып, телевизия мен үйдегі бейне құралдарына орнын бермей келеді. Ал, интернет ресурстарына сүйеніп, онлайн түрінде ақылы фильмдер көруге мүмкіндіктің тууы таяу болашақта кино өнімдерін таратудың басты әрі жаңа нысанына айналуы мүмкін. Осы орайда Кинөндіріс саласының өнімдеріде, тұтынушыларды көбейері анық.

1
Рейтинг: +2

Жазылған уақыты: 02 сәуір, 13:53
Тегтер: Кино, киноөндіріс тариxы, голливуд

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.