Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Ширли Темпл: тал бесіктен жер бесікке дейін...

Ширли Темпл: тал бесіктен жер бесікке дейін...

Ширли Темпл: тал бесіктен жер бесікке дейін...

Ширли Темпл Блэк 1928 жылы 23-сәуірде Калифорния штатының Санта-Моника қаласында дүниеге келген. Екі ұлдан кейінгі осы қызының бойынан бір ұшқын байқаған анасы Гертруда оны әртүрлі үйірмеге қатыстыра бастайды. Үш жасында-ақ өзінің актерлық, әншілік және бишілік қасиеттерімен көзге түскен Ширли Лос-Анджелестегі би мектебіне қабылданады.

Сүйкімді балақайдың бетіндегі ойығы мен бұйра шашы өнердегі визиткасына айналады. Тіпті көрермендермен кездесу сәтінде басындағы парик емес пе екен деп күмәнданып, шашын тартып көргендер де болыпты. Көрерменнің күмәны бекер емес екен, ол жайында Ширли бір сұхбатында «Парик болғаны жақсы еді, әйтпесе шешем күнде кешкісін шашымды бұйралап, түрлі маскалар жасап әуре болатын» деп еске алады.

1932 жылы «Educational Pictures» компания өкілдері Ширлидің талантын байқап, мектеп рұқсатымен жарнамаға түсіреді. Содан бастап оған «Tower Productions», «Universal», «Paramount» және «Warner Bros.» сынды "алыптар" да ұсыныс жасайды.



Танымалдылығымен қатар Темпл отбасының материалдық жағдайы да күн емес сағат санап өсе бастайды. Әуелгіде актрисаның шаштаразы ретінде ғана жүретін Гертруда ханым енді менеджерлік қызметке кіріседі - сценарийге коррекция жасап, қызымен фильмге бірге түсетін актерлерге дейін өзі таңдауға тырысады. Бұдан жаман болған Ширли жоқ, кассалық фильмдер бірінен соң бірі шығып жатады. Төрт жасында түскен «Күлімкөз(деп аудардым)/Bright eyes» фильмі Ширли үшін кино әлеміне трамплин іспетті болды. Онда орындаған әні сол кездегі хитке айналып, ал образы актрисаның болашақтағы амплуасын анықтап берді: мейірімді, сүйкімді, күлегеш!


Ширли Темпл - Грауман театрының асфальтында алақаны мен табан ізін қалдырған және Оскар марапатына ие болған ең жас актриса! Енді сценарий Ширли үшін арнайы жазылатын болады, жеке күзет жалдайды, ал түсірілім болатын жердің жанынан балақайға арнап кішігірім ойын алаңы салынады. Ширлидің жұлдызды сәттері Америка тарихындағы қиын кезеңдермен тұспа-тұс келіп, оның фильмдері халыққа жан тыныштығы, жанашырлық әсерлерін қалдырады. Ол ылғи аразды татуластырушы, жақсылықты насихаттаушы, ғашықтарды қосушы және ... жетімнің рольдерін ойнайды.

Ең танымал және ең сүйікті рольдердің ғұмырын ұзарту үшін шығармашылық топ тіпті Ширлидің құжаттарындағы дүниеге келген датасын да өзгертіп, жасартады. Бірақ, уақыт өз дегенін жасап, Ширли бой жетіп, мейірбан балақай образынан тентек жасөспірімге айналуға тура келеді. Ендігі рольдері Америка сән әлемі мен ойыншықтар саудасына негіз болып, түрлі жарнамалық агенттіктер Ширли есімін пайдалана бастайды. Жарнамадан түсетін қосымша табысы оның гонорарынан да асып түсіп, ол өз заманының ең табысты адамына айналады. Жылына үш-төрт фильм бірінен соң бірі шығып жатады. Сол кездің ең танымал ересек әртістерімен есімі қатар аталатын болады. 

Отызыншы жылдардың соңы Ширли үшін танымалдылық пен табыстың шарықтау шегі десе болғандай. Себебі кейінгі шыққан үш фильмінің де кассасы күткен үмітті ақтамай, шығармашылық топ сәтсіздікке ұшырайды. Өмірінде алғаш рет жағымсыз, менмен рольді ойнаған Ширли қатты сынға қалады. Ендігі образдары бұрынғыдай табысты бола қоймайтынын түсінген ата-анасы оны қыздарға арналған мектепке беріп, кинода үзіліс алады.

Он үш жасында түскен «Кэтлин» фиьміндегі ролі мейірімді жетім образына аздап ұқсағанымен Ширли баяғы табысын қайталай алмады. Камера алдында алғаш рет сүйісу... Алкоголь ішу... Киноға оралуға қанша рет талпыныс жасағанымен, өзінің де, онымен контракт жасаған кинокомпаниялардың да үміті ақталмады. Ендігі жерде Ширлиге басты роль емес, қосалқы, тіпті жай ғана эпизодтар ұсыныла бастайды. Әуелгіде, шет елге кетіп қалып, біраз уақыттан соң ересек әйел образымен киноға оралуды да ойлап көреді. Дегенмен, жиырма бір жасында соңғы рет фильмге түскен Ширли кинодан кететінін ресми түрде мәлімдеді...
Осы уақыт аралығында ол бас-аяғы 58 фильмге түсіп үлгерген екен.


Одан кейін фильмге түспегенімен, бірді-екілі шоуларда қонақ ретінде бой көрсетеді. Отыз жасында өзінің авторлық «Ширлидің әңгімелері» бағдарламасын жүргізеді.
Жеке өміріне келетін болсақ, бірінші күйеуі - әскери қызметтегі Агар. Ширли мен Агардың Линда есімді қызы бар. Бірақ, екеуінің дәм-тұзы жараспай ажырасып кетеді. Ал, екінші күйеуі Чарльз Олден Блэк мырзамен елу бес жыл отасып, кіші Чарльз және Лори есімді балалары дүниеге келеді.


Қырық бес жасында Ширли обыр дертіне шалдығып, ота сәтті жасалып, ауыр науқасынан айығып шыққан болатын.


Кинокарьерадан бөлек саясатта да үлкен рольдер атқарады, АҚШ-тың Ганадағы елшісі болады, Чехословакиядағы елшісі етіп оны Президент Джордж Буштың өзі тағайындайды.
Үш бала, бір немере, екі шөбере көрген Ширли Темпл Блэк 2014 жылдың ақпанында 85 жасында дүниеден озды...


П.С. Мен Хайдидің көрермені бола бастағанымда Ширли тірі болған екен...

4
Рейтинг: +1

Автор: Сыр қызы
Жазылған уақыты: 17 қараша 2018, 00:10
Тегтер: Ширли Темпл Блэк, Ширли Темпл, Ширли, Хайди, Голливуд жұлдызы, ең кішкентай ең үлкен жұлдыз, актриса, бала актриса

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

--> --> -->