Поллианна:сіз бұл фильмді міндетті түрде көруіңіз керек!

 Депрессияны,пессимизмді,негативті ойды жеңгіңіз келе ме?Олай болса бір ойын ойнайық)Ойынның шарты мынадай:сіз кез келген ситуациядан өзіңізді қуанта алатындай қандай да бір нәрсені табуыңыз керек.Мысалы,ақшаңызды жоғалтып алдыңыз делік,не істейсіз?Иә,ашуланасыз,көңіл-күй бұзылады,бойыңызды жаман ойлар билейді,т.б.Жоғалған ақша жоғалды,бірақ бұның барлығы денсаулыққа қаншалықты зиян екенін білесіз бе?Енді осы ситуациядан кішкене де болсын қуантарлық не табуға болады деп ойлайсыз?"ЕШНӘРСЕ,ақшасын жоғалтқан адам несіне жетісіп қуанады дейсіз ғой?Мәселе тек қуануда емес,мәселе кішкене де болсын жақсы ой ойлап,өз-өзіңізге дем беріп,сабырға келуде.Бұл ситуацияда сіз жоғалған ақшаңыздың әлдекімге садақа боларын көңілге медет ете аласыз.Бұл ойын қайдан шықты десеңіз,"Поллианна" фильмін көріңіз!Фильмнің басты кейіпкері Поллианна осы ойын арқылы айналасындағы адамдардың өміріне қуаныш сәулесін шашты,өмірді сүюге,өмірден ләззат алуға,әрбәр сәтке қуануға үйретті.

 Не себепті көруге кеңес беремін?Себебі Поллианна:

-Әр адамның жүрегіне жол тауып,баяғыда ұмытылып кеткен балалықтың есігін ашты;

-Тіпті,жаман жағдайдың да сәулелі,жарық жағын табуға үйретті;

 Өмір болған соң,жақсылығы мен жаманшылығы,қуанышы мен қайғысы қатар жүреді.Қайғы келсе,жетегінде кете бермей қарсы тұрсақ, "БІР НЕГАТИВТІ ОЙҒА БЕС ПОЗИТИВТІ ОЙ ОЙЛАСАҚ" қиындықтың біздің жетегімізде кетері сөзсіз.

 Бұл фильм мені де өмірді басқа қырынан тануға,кез келген қиын жағдайға басқа қырынан қарауға үйретті,сондықтан сіздерге де кеңес беремін)

 Фильмдегі цитаталар(аударылған):

*Жәй ғана тыныс алу-өмір сүру деген сөз емес!

*Жақсылық әр адамның жүрегінде бар,тек оның көзін ашуымыз керек...

*Ойынның шарты:кез келген жағдайдан бізді қуанта алатын жағын табамыз!

Қуана білейік,өмірде қайғы онсыз да көп!

(Фильм Элинор Портердің "Поллианна" романының желісі бойынша түсірілген)

 

    



Бөлісу: