"The 100" "Сотня" сериалы туралы
жеке
блог

"The 100" "Сотня" сериалы туралы

Сәлем массагет оқырмандары! 

Бүгінгі блогта өзімнің аса бір қызығушылықпен көрген сериалым жөнінде жазбақшымын.  

Бірде адамзатқа оның барлық күнәлары үшін ең қорқынышты зұлмат күн туады. Сериалдың режиссері өзінің фантазиясын басқаша бұрып көруді жөн деп санап, бірнеше жүз жылдан кейін немесе тіпті  ертеңгі күні бізбен не болатыны жайлы үлкен масштабтағы сериалды көрерменнің назарына ұсынды. Оқиға бірнеше ғасырдан кейінгі болашақта басталады.  Тіршілік ортасы үлкен дәрежеге жетіп дамыған алып ғаламшардың ізі де қалмаған. Тек  ядорлық жарылыстан қашып ғарыштағы станцияға барған аздаған адамдар тірі қалған.

Бұл сериал көпшілік назарына 2014 жылы жолданған болатын, көрерменнің көңілінен шыққандығына байланысты қазірде түсірілу үстінде. Жалпы осы туынды Кэсс Морганның кітабының желісі бойынша түсірілген. Сериалда жер бетіндегі тіршіліктің 1 ғасыр бұрын , ядорлық жарылыстардың әсерінен , радиация тарау нәтижесінде жойылғандығы көрсетіледі.  Ал аз ғана адамзаттың ұрпағы ғарышта "кавчег" деп аталатын ғарыш кемесінде тұрады. Бірақ , бұл жерде барлық нәрсені үнемдеуге тура келеді, аз ғана қателіктер үшін өмірмен қош айтысу  әбден мүмкін. Қатал тәртіп, ішкі ережелер бұның бәрі адамзат ұрпағының сақталып қалуы үшін керек . Алайда уақыт өте , Кавчегте ауа мөлшері таусылып, адамдардың өмірі қыл үстінде тұрады. Сол себептен канцлер бастаған бірнеше жас ғалымдар жерге оралуды жөн көреді. Бірақ жер беті өмір сүруге жарамсыз болып шықса не болмақ?! Адамзат жердегі ауамен алғаш тыныстаған сәтінде өмірімен қош айтысса ше?! Осы сұрақтардың жауабын алу үшін Канцлер жер  бетіне қамауда отырған , қылмыскер жасөсіпірімдерді жіберуге шешім қабылдайды. Қылмыскер деп атауға да келмейтін балалардың тағдыры жер бетінде шешілмекші , олардың бар қылмыстары  бірі анасы үшін дәрі ұрласа, енді бірі отбасында екінші бала болып өмірге келуі.

Осылайша жер бетіне 100 жасөспірім түсіріледі. Жерге жеткен жасөспірмдер кавчегтегі бар қиыныдқтан арылдық деп ойлап , ойларына келгенді жасайды, нағыз қиыныдқтар оларды енді күтіп тұрғанын қайдан білсін. Жердегі тіршіліктің жалғасқаны да олар үшін беймәлім еді.

Сериалда басты кейіпкер біреу деп айта алмаймын, әрбір кейіпкерді жеке тұлға ретінде қарастырған, олардың ішкі ойлары жете ашылып, көрсетіледі.Әр кейіпкердің алдында үнемі таңдау тұрады, және басты кейіпкерлердің сол таңдаудан кейінгі сезімдері, сол таңдаумен өмір сүруі кейіпкердің адамдық тұрғысын одан әрі аша түседі. Сериал барысында өзгерген кейіпкерлер де бар. Бұнда жаман да жақсы да тұлғалар жоқ. Олардың көзқарастары өздерімен бірге үнемі өзгеріс үстінде болады.  Психолгиялық жағынан да балалардың тез жетілуі , жауапкершілікті сезінуі бірден байқалады. Өмір үшін күресуді үйренеді, осы жолда аяушылық деген сезімді де ұмыта бастайды.