Қазақ көрерменің талғамы қайда?!

Қазақ көрерменің талғамы қайда?!
жеке
блог

Қазіргі көпшілік қауым көбіне үнді киноларын  тамашалайды. Әрине, көпке топырақ шашудың керек жоқ, себебі: қазақ киносын көретін жандар да аз емес. Дегенмен де неге үнді киносы  ,қазақ киносынан қарағанда сұранысқа былайша ие?! Бұның сыры неде? Бір көрерменнің айтуынша :

– үнді сериалдары адамды өзіңе бауратып алады, әртістері өз бейнесін шынайы ойнап шығады. Сонымен қатар жылайтын жер де де, күлетін жеріде де нағыз көрініс көрсетеді. Біріншіден қазақ киносынан ара да айырмашылық ол –үндінің биінде. Үнді киносында ән де, би де ,әдемі көріністе бар.- дейді. Бірақ сол біздер көріп жүрген “Келін” телехикаясы әлі күнге дейін жалғасуда. Сонда бұл недеген таусылмайтын телехикая. Сол бір Анандидің тағдыры, сол жанның тағдыры үшін тым қатты алаңдайтын кино сүйер қауым арттыуда. Ал, неге біз дәл солай басқа жанның яғни қарамағымыздағы жандарға неге уақыт бөліп, сырласпасқа.?Шыны керек қала тұрғындарының деңі көпшілігі көшеде адам қиналып жатса, оған барып қолын ұшын созбақ тұрмақ, назар аудармайды да.Анандидің тағыдырына келсе жәй бір кино үшін жылап тіпіті, қайғырып отыратын көрермендер қаншама. Ал, сіз білесіз бе, сіз көріп жүрген , сіз сонша уақыт бөліп жүрген киноңыздың түп тарихын ? Үнді киносының үнемі сол бір Ганга жағалауында  әдемі биін түсіретін, сол суға түсетін, сол суға киімде, денесінде, ыдысында жуып , тіпіт, өлікті де сол суға жіберетінің. Қазақ көрермендерінің талғамы қайда?

 Ал, отандық  киномыз  өзінің қазақи мәдениетіне сай кино түсіреді. Ешқандай да  үнді немесе еуропа стилінде емес. Неге, қазақ киносын көрмеске.Оның яғни киномыздың түп тарихы терең ғой. Мысалға көз жүгіртсек, Қазақ киносы - Қазан төңкерісінен кейін пайда болды.Алғашқы киношежіре 1925 жылы түсірілді. 1928 жылы РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесі жанынан акционерлік "Востокфильм" кино қоғамы құрылды. 1929 жылы Алматыда оның өндірістік бөлімі ашылды да, ол Қазақстанның өмір-тұрмысы туралы "Соңғы хабар" атты киножурнал шығарып тұрды. Реж. В.А. Турин ел өміріндегі тарихи оқиғалардың біріне саналатын Түркістан - Сібір темір жолы магистраның құрылысы жайлы "Түрксіб" атты деректі фильмін қойды. 1934 ж. Алматыда "Кеңестік Қазақстан" киножурналын үзбей шығарылып  тұратын Респ. киношежіре студиясы құрылды. Осыдан кейін қазақ киносы жаңа өркендеу жолына түсті. "Ленфильм" студиясының ұжымы қазақтың алғашқы кино қайраткерлерінің қатысуымен "Амангелді" (1938, реж. М.З. Ленин) көркем фильмін жасады. Қазақ көркем фильмдерінің тарихы осы туындыдан басталады.Сонымен қатар 2-дүниежүзілік соғыс жылдарында "Мосфильм" мен "Ленфильм" киностудиялары бөлімшесінің Алматыда болуы қазақ киносының одан әрі өркендеуіне әсерін тигізді. Бұл студиялар Алматыда өзара бірлесіп, ЦОКС (Біріккен орталық киностудия) деген атпен өзінің қызметін бастады. Мұнда "Антенна Рыбкин" (реж. К.К. Юдин), "Жауынгер ұлы" (режисері В.П. Строева), "Біздің қаланың жігіті" (режисері А.Б. Столпер), "Ауком секретары" (режисері А.М. Файнциммер), "Отан үшін" (режисері Пудовкин), "Иван Грозный" (1-сериясы, режисері Эйзенштейн), т.б. кеңестіқ таңдаулы фильмдер жасалды. 1941 ж. Алматыда көркем фильмдер шығаратын киностудия ұйымдасып, 1944 жылы ол Алматының көркем және деректі-шежіреліқ фильмдер студиясы (1960 жылдан "Қазақфильм") деп аталды. Қазақ киностудиясы алғашқы ұйымдасқан кезінен бастап 100-ден астам көркем фильм және 500-дей деректі фильм шығарды. Бұл фильмдер тақырыбы жағынан әр алуан. Экранға қазақ халқының өткен өмірін көрсететін,тарихынан және ұлттық мәдениетімізді сусындатуда десем артық айтпаспын.

Міне,  бізде, жақсы бір тәрбиелік мәні бар сериалдар жоқ деп кім айтты?Оның дәлелі осы ақпараттар ғой. Жаңадан түсірілген, экраннан үзілмейтін  “Қара шаңырақ”, “ Сырғалым”, “Аяулы арман”,” Арман асуы”, тарихи киномыз “Жау жүрек мың бала “ міне, нағыз қазақ киносы!

                 Досмұхамбетова Еркежан

Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті

Журанлистика факультетінің 2 курс студенті.