“Собачья жизнь(Ит ғұмыры )”
жеке
блог

“Собачья жизнь(Ит ғұмыры )”

Бүгінде фильмдер өткен замандардағы кітап сияқты. Айтушы еді “Кітап оқығанда сен өзге кейіпкерлердің басында болған жайттарды білесің, өзіңнің басынан өтіп жатқандай сезінесің, сан түрлі эмоция т.т. сонда  өмірден кетерде сен тек өз өміріңді ғана сүріп қайтпайсың. Сен таныған кейіпкерлердің де өмірін сүріп бара жатасың.”  Фильмдер де дә солай талай қызық фантазиялық өмірді өзіміз сүріп жатқандай қылады. Сондықтан қандай тағдыр, өмірлер болатынын білгіңіз келсе, қол тиген сайын фильм қараңыз.

Менің айтқалы отырған тағдырым(фильм) ит жайында болмақ. Иттерді адамның жолдасы, түнгі аула иесі деп білеміз. Бірақ, олардың мөлдіреген жанарларының астарында не сыр жатқанын кім білсін? Ол тек иттерге, өздеріне ғана аян. Ал бұл фильм сәл қиялға ерік беріп, мынадай жагдайды баяндайды:

Кішкене ғана күшік жарық күнді көргеннен бастап өмірге не үшін келетіні туралы сұрақтарға жауап іздейді. Ол оны адамдарға көмектесуде деп таниды. Бірақ ол әркез өмірге қайтып оралған сайын, ол сұрақтың жауабы күрделене түсетінін түсіне бастайды.

Бэйли* соңғы сәтте өзінің алғашқы өмір жайында естелігін тапқан кезде …

Әрі қарай фильмнен білесіз.

Егер ол фильм сізге ұнаса міндетті түрде алғыс білдіруді ұмытпаңыз