Шетелдік сериалдардың әсері.

Шетелдік сериалдардың әсері.
жеке
блог

Таңнан кешке дейін жас болсын,кәрі болсын барлығы да көк жәшікке телміріп үнді сериалдарын тамашалайды.Тіпті,көбісі  сериалдарды теледидардан емес,ұялы телефоннан да көреді.Жалпы тек үнді сериалдарын ғана емес,түрік,корей сериалдарын да көреді.Мүмкін бұл біздің қазақ кино индустриясының дамымағанынан болар.Менің ойымша,бұл сериалдардың бізге беретін ешқандай тәрбиелік мәні жоқ.Керісінше бұл сериалдар біздің санамызды улауда.Біздің арналар бұл сериалдарды сатып алып жатыр,әрине өзімізде көрсететін ештене болмағандықтан.Шетелдегі режиссерлер ұқсап біздің отандық режиссерлер сапалы сериалдар түсіре алмай жатыр.Бұл үшін әлі талай уақыт та керек шығар.Өз басым түрік сериалдарын кезінде көргенмін.Түрік сериалдарының корей,үнді сериалдарына қарағанда біраз да болсын тәрбиелік мәні бар деп ойлаймын.Үнді сериалдарын да көрген болатынмын.Бұл үнді сериалдарында біреуді алдау,біреуге жала жабу,бай мен кейдің тартысы,үлкен мен кішінің ұрысы сияқты сюжеттер кездеседі.Бұл сюжеттер әрбір үнді сериалдарында кездеседі десем артық айтпаймын.Барлық сериалдар сол бір оқиға,тек ғана басқа актёр ойнайтыны болмаса.Қазір екінің бірі өзіміздің тарихымызды білмейді.Оның орнына Анандидің тағдырын жақса біледі.Тап бір онымен бірге өмір сүріп жатқандай.Үнді сериалдары арнамызда көрсетіле басталғаннан бері,қазақ көрермендері үнді болуға айналды.Әлеуметтік желілерде кіп-кішкентай қыздардың үстеріне мата орап алып,қуыршаққа сиынып жатқан видеолары да шығап жатты.Қазіргі үнді сериалдары адамның жүйке жүйесін бұзады,тез ашуланшақ қылдырып жібереді.Сол сериалды көріп отырған адам теледидардың алдында отырып алып,кейіпкерлермен ұрысады.

Қортындылай келе айтарым,үнді сериалдарын көрмеңіздер деп айтпаймын,тек шамадан тыс көрмеңіздер.Олардың наным-сенімдері басқа,ал біздікі болса басқа.Ұлттық қасиеттеріміз бен құндылықтарымызды жоғалтпайық.