«Қаратас ауылындағы оба»
жеке
блог

«Қаратас ауылындағы оба»

Өз фильмдерінде әлеуметтік теңсіздікке, конформизм мен билікке қарсы шығып, сюрреалистік шаманизм арқылы қарапайым халықтың тұрмыс-тіршілігі мен бүгінгі күнгі өзекті мәселелерді көрсетіп жүрген Әділхан Ержанов – зұлымдық салтанат құрып, адамдық сәулесі сөніп бара жатқан қоғамның көгіндегі жанған жұлдыздай...

Оның 21 сәуір күні «Олег Борецкийдің киноклубында» премьерасы өткен, «Чума в ауле Каратас» атты кезекті кинотуындысы залдағы отырған көрерменнің ешқайсысын бейжай қалдырмады.

Ащы шындықты ашына суреттеген Әділхан Ержановтың есті адамның қабылдауы мүмкін емес, адамгершіліктен мақұрым жүйе ретінде көрсетілген «Қаратас» ауылы – мемлекеттің гротескті бейнесі болса, ешкімге жаны ашымайтын безбүйрекке айналған, адам санасына сыймайтын (тек өздеріне мәлім) тылсым заңдарымен өмір сүретін ауыл тұрғындары – бүгінгі қазақ қоғамының шынайы сипаты.

Қоғам – жеке адамнан құралады. Демек, биліктің де тамыры халықта жатыр. Ендеше барлық игілік әр адамның өзін-өзі түзеуінен басталады.

Осы тұрғыда Қасым Аманжоловтың мына өлең жолдары есіме түсіп отыр:

Даланы қара түнек басқан кезде,
Үстем боп алпауыттар, тасқан кезде,—
Саз беріп күншығыстан таң белгісі —
Дүниеге қызыл нұрын шашқан еді.


                                                                                                                                               

Дана ӘМІРБЕКОВА