Марвел Кинематографиялық Әлемінің тарихы(2-бөлім)

Марвел Кинематографиялық Әлемінің тарихы(2-бөлім)
жеке
блог

  Осы сілтемеде алғашқы бөлім - http://massaget.kz/blogs/kino/16405/

 "Таңғаларлық Халк" фильмінің титрларынан кейінгі сахнада Тони Старк пен генерал Таддеус Росстың әңгімесін көреміз. Бұл диалогта "Кек алушылар" инициативасы жөнінде аз-мұз әңгіме қозғалады. осыдан кейін көрермен болашақ фильмдерге қызығушылығын одан әрі арттырады.  Және де фильмдердің жалғасы тез шығуын талап етеді.

 "Таңғаларлық Халк" фильмінің режиссері Луи Летерье фильмді жақсы деңгейде түсірді, әрине. Алайда, фильм кассалық түсім жағынан бәсеңдік танытты. 
 Фильмнің өзіне қарағанда көрерменге оның титрларынан кейінгі сахнасы ұнаған секілді. Тони Старк пен Брюс Бэннердің әлемінің бір екенін сол кезде білген еді. 

 "Темір адам" фильмінің табыстары фильмнің екінші бөліміне зор шабыт сыйлады. Және де фильмге ғана емес, бүкіл киноәлемге жаңа кейіпкер қосудың жақсы амалы болды. Қара жесір мен Соғыс машинасы осы фильмде өз дебюттарын жасады. Және Тони Старктың әкесәі Говарт Старктың Ник Фьюримен таныстығы да көрерменге жаққаны рас. 
 Фильмде Фил Колсонның Нью-Мексикоға іссапар бойынша кететіні айтылады. Колсонды сомдаушы Кларк Грегг кейіпкерінің Нью-Мексикодағы не шаруасы барын түсінбепті. Студия директоры Кевин Файгиден сұраса, "Тор, сен Тордасың, сен Тордасың, саған не айтпады ма?" деп жауап берсе керек. Фильм титрлары біткен соң, агент Колсонның найзағай мен құйын құдайы Тордың куәлі Нью-Мексикодағы айлақтардың біріне түскенін көреміз. Әрине бұл "Тор" фильміне сілтеме.

 "Марвел Киноәлемін тектен текке әлем деп атамайды. Ол өте үлкен. Ал "Тор" бізді, ғарыштық деңгейге дейін алып барды" дейді Кевин Файги. Ал Тордың рөлін сомдаушы Крис Хэмсворт кейіпкері жөнінде "Ол Тоғыз ғаламның ғаламдарының бірі Асгард патшалығынан. Ол құйын құдайы. Оның қаруы құдіретті куәл - Мьелнир". Тордың әкесі Один оны Жер ғаламшарына жібереді. Және куәлді де осында қарай аттандырады. 
 Фильм режиссері Кеннет Бранат "егер Жерге сөзбен жеткізе алмайтын құдіреті бар, ғажап куәл түссе, бұл Қ.А.Л.Қ.А.Н. ұйымын қызықтырары сөзсіз. Осылайша біз Қ.А.Л.Қ.А.Н. арқылы Торды басқа кейіпкерлермен байланыстыра аламыз.

 "Тор" фильмінде Қ.А.Л.Қ.А.Н. ұйымының агенті Клинт Бартон пайда болды. Бұл кейіпкер "Кек алушылар" фильмінде басты рөлдердің бірінде болды. Ол - Қыран көз деген атпен белгілі.

 Фильмінің басты зұлым кейіпкері бастапқыда жақсы болған Локи есімді Тордың өгей інісі. Рөлді сомдаған Том Хидлстон өз кейіпкерін өте қатты ұнататынын жеткізді. 

 Басқа фильмдер секілді "Тор" фильмінің титралы біткен соң, бізді қосымша сахна күтеді. Бұл сахнада Қ.А.Л.Қ.А.Н. ұйымының директоры Ник Фьюри фильмдері екінші дәрежелі кейіпкерлердің бірі доктор Эрик Сэлвигпен кездесіп, оған шексіздік энергияны бойына жиған - Тессарактты көрсетеді. Кейін Локи өз сиқыры арқылы Сэлвигті Тессарактпен айналысыға мәжбүрлейді.


  Тессаракт Марвел Кинематографиялық әлемінде "Тор"-дың ізін жалғайтын "Капитан Америка: Алғашқы кек алушы" фильмде үлкен рөл атқарады. Басты зұлым кейіпкер Қызыл бассүйек оның көмегімен суперқару жасайды. Және оны ГИДРА ұйымының алдына тұрғандарға қарсы қолданады.

 Фильмде бүкіл оқиға ХХІ ғасырдан, қырқыншы жалдарға ауады.
 Фильм режиссері Джо Джонстон "Қырқыншы жылдардың дизайнын, киімдерін, үлгілерін, технологияларын ұнатамын, мен сол заманның оқиғасын қазір дәуірден еш кемшілігі жоқ екенін дәлелдегім келді. 
 Стив Роджерс "Супержауынгер" бағдарламасының нәтижесінде өз күштеріне қол жеткізеді. Ол мықты күшті, қарапайым пистолеттердің оқтарына төтеп бере алтын, суда еркін дем алатын, алькоголдік ішімдіктерге қарсы иммунитет пен қартаймайтын қабілет алады.
 Басты кейіпкер Стивен Роджерсті сомдаған Крис Эванс кейіпкері жөнінде "Кейбір қаһармандар солай дүниеге келеді, кейбірі оқыс жағдайда өз күштерін арттырып, қабілеттерге ие болады. Ал Стив өзінің қандай болатынын білді және соған лайықты болды" дейді.

 "Таңғаларлық Халк" фильмінде Брюс Бэннер мен Эмиль Блонски құдіретті күштерге ие болады. Бұлардың барлығы Стив Роджерстің үлгісін қайталаудың сынақтары ғана еді. 

 "Капитан Америка: Алғашқы кек алушы" фильмінің кейіпкерлерінің бірі Говард Старк киноәлемнің бастык ейіпкері Тони Старктың әкесі және Стив Роджерстің досы. Және Кэптің қаруы қалқанды оған сыйға тартқан.  
 

 Стив іс-түссіз жоғалып кетеді. Және біздің дәуірде яғни ХХІ ғасырда сол баяғы жас күйінде оралады. Ол Ник Фьюримен бір одақта болады. 
 Марвел Киноәдемі біршама жетістікке жетіп, өздерінің негізгі бекеті "Кек алушыларға" тоқтайды. Барлық фильмдердегі басты кейіпкерлердің бір біріне мүлдем қатыс ыжоқ. Олардың ортақ бір нәрсесі бұл - Қ.А.Л.Қ.А.Н. Бұл ұйым Тони Старкпен де айналысты, Брюс Бэннердің де ізіне түсті, Торды біраз әлекке салды, және Стивен Роджерстің достары осы ұйымның алғашқы директорлары, негізін қалаушылар еді.
 Осыған дейінгі фильмдерде  Ник Фьюри біресе шықты, онан соң жоғалып кетті. Қайта пайда болады. Ал бұл фильмде оның команданы жинаудағы мақсатын түсінеміз.  
 Фильмнің басында Брюс Бэннер Ник Фьюриге тек ғалым, Тессарктты зерттеуші ретінде ғана керек болады. Алайда, кейін оны Халк образында да қолданып кетеді.  
 Кек алушылар бұл - команда болғандықтан оларға қарсы тұра алатын мықты зұлым кейіпкер қажет. Бұл фильмде ол Локи болды. Тордың өгей інісі читаури патшасымен келісіп, Жер ғаламшарына шабуыл жасайды. Оның басты мақсаты - Тессарактты қолға түсіру болады.

 Фильм "Кек алушылар" деп аталады. Фильм актерларына "олар кімнен, не үшін кек алады?" деген сұрақ келген. Фил Колсон рөліндегі Кларк Грегг Кевин Файгимен фильмдегі рөлі қаншалықты болатынын сұрап сөйлессе керек. Кларк өз кейіпкері жұлдызды кейіпкерлерге коктейль тасып жүреме деп әзілдесе керек. Кевин "иа, сенің уақытың болады, және сенің басыңда болған оқиға, бүкіл Кек алушыларды жинақтайды" деп жауап беріпті. Осыдан кейін Кларк өз кейіпкерінің қазасын білген еді.
 
 Бұл фильм табысы көп болғаны соншалық бүкіл кино тарихындағы ең кассалы фильмдер тізімінде үшінші орынға тұрақтайды.  

 Марвел Киноәлемінің тарихының үшінші бөлімі жақын арада болады. Оқығандарыңызға рахмет. Жазба ұнасa "лүпіл" басып кетіңіздер!