Ғаділбек Жаңайдың «Ханшайымым» әні ұрланған болып шықты

Ғаділбек Жаңайдың «Ханшайымым» әні ұрланған болып шықты
жеке
блог

Ғаділбектің «Ханшайымым» әні ұрланған болып шықты. Бұл туралы Ельвира Ерғалина атты инстаграм қолданушысы өз парақшасында жариялады. Бұл әннің түпнұсқасын армян әншісі Hripsime Hakobyan орындайды екен. Әннің аты «Tarorinak» (Біртүрлісің) деп аталады. Ал бейнеклип 2012 жылы көктем жарық көрген.

«Ғаділбектің "Ханшайымына" қарағанда мына əн əдемі, жұмсақ, əсерлі. Ғаділбектің ұтқаны - мағыналы мəтіні. Армян əнші Hripsime Hakobyan 2012 жылы клип түсірген "Tarorinak" (Біртүрлісің) əнінің мағынасы "Ханшайымдікіндей" емес. Қыз жігітінің бірде бар, бірде жоқ, бірде жақын, бірде алыс екенін айтып, түсініксіз қатынасты жырлайды. Клипі де, əні де ұнады. Осы қыздың бүкіл бейнебаянына да, əніне де ғашық болдым», - деп жазады пост авторы.

Түпнұсқа әннің бейнебаяны: 
  

Ал мынау Ғаділбек Жаңайдың нұсқасы: