"Өрмекші-адамның" тағы бір "перезагрузкасы"!

"Өрмекші-адамның" тағы бір "перезагрузкасы"!
жеке
блог

Соңғы екі күн ішінде түскен ресми ақпараттарға сүйенсек, «Жаңа Өрмекші-адам» трилогиясы толықтай аяқталды. Яғни тағы «перезагрузка» болады деген сөз. Фильм 2017 жылдың 28 шілдесіне белгіленген. Фильм жай ғана "Өрмекші-адам" деп аталмақ. Бірақ алдағы уақытта бұл атқа өзгеріс енуі мүмкін.

Әзірше фильмді кім түсіретіні, кім басты рөлді сомдайтыны белгісіз. Бірақ жұртшылық Гарфилдтың бұл рөлді әрімен қарай сомдай беруін қалайды.

Өрмекші алдымен 2016 жылы шығатын «Капитан Америка: Азамат соғысы» фильмінде пайда болады. Онан соң, ол жайлы жеке фильм, сөйтіп 2018 жылы «Кек алушылар 3: Мәңгілік айқас. І бөлім» фильмінде «Кек алушылар құрамына енеді. 

Бірақ бұл осы уақытқа дейін жоспарланған „Зұлым алтылық“, „Веном“ тәрізді спин-оффтардың жойылады дегенді білдірмейді. Олар да өз жалғасын табуы мүмкін.

Және де тағы бір Өрмекші Майлз Моралездің де пайда болуы мүмкін. Бірақ ол „Кек алушылардың“ мүшесі емес. 

Әзірге бар ақпар осы алдағы уақытта бөлісеміз!


http://vk.com/ormekwi
Осы топпен байланыста болыңыздар!