Бұл жобаның үздік екеніне еш күмәнім жоқ!
блог
Латын әріптерімен қазақша жазудың ең ыңғайлы жобасы
Бұл жобаның үздік екеніне еш күмәнім жоқ!
Қолдаушысы болыңыз.
Бұл жобада ешқандай диграф жоқ. Диграфтар қазақтың дауыстылардың үндестік (сингармонизм) заңын тас-талқан етеді. Қазақтың «екі даусты дыбыс қатар келмейді»,-деген заңына қарсы келеді. Қазақ еріншектеу халық. Диграфтағы жуан дауыстының қасына е әріпін жазуға ерініп, оны білетіндер ойша қосып оқып, ал білмейтіндер оны таза орысша оқып, бара бала орыс боламыз. Тағы қандай олқылықтары шығатынын құдай білсін. Бұл жобада бұрыннан бар қазақтың әр дыбысына бір әріп сәйкес келеді. Латыншаға қосылатын әріптер Windowsтің таңбалар кестесінде бар. Олардың үстіне немесе нүкте, немесе қос нүкте қойылмаған. Қойылған таңба төмен қарай майысқан қисық сызық, оны ноқат деуге келмейді.
Егер сіздің компьютеріңізде жобадағы
 ⠖ ә, Ĝ ĝ - ғ, Ô ô - ө, Ŵ ŵ - ү, Ŷ ŷ – і
әріптері дұрыс оқылып тұрса, онда болашақ латиницада қазақ сөздері ешқандай қиындықсыз кез-келген компьютерде оқылатын болады.
Самый оптимальный проект латинизации казахской письменности
Төменде жаңа жобада жасалған кейбір мәтіндер көрсетілген.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны
Ертегі Мақта қыз бен мысық
Ертегі Бір үзім нан
Ертегі Алтын сақа
Ертегі: Тазша бала
Дайындау тобы тек өз жобаларын талқыға салып жатыр. Бұл талқыға осы жобаны да жеткізу керек. Оны бәріміз, тіпті келешек ұрпақтарымыз қолданады. Қазір қолда барды көрсете алмасақ, оны қорғай алмасақ, онда кейін ол үшін өздерімізді қинайтын боламыз деп ойлаймын.
Әр ісімізге сәттілік тілеймін!
Рахмет!