Cұңқар кубогы өз сахнасына қайта оралды!
жеке
блог

Cұңқар кубогы өз сахнасына қайта оралды!

Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Сұңқар студенттер мен магистранттар кәсіподағының ұйымдастыруымен «Сұңқар кубогы  SSP ойындары», «Сұңқар кубогы КВН ойындары» болып өзгертіліп, араға екі жыл салып, сахнаға қайта  қатысушыларымыз қызу дайындықпен келіп, бар өнерлерін ортаға салып, сахнаға жаңа леп әкелгендей болды.Көрермендердің де көңілді кешке деген: ыстық ықыласы мен сағыныштары анық сезілді.Бүгінгі кеш көңілді, өзіндік атмосферасымен есте қалды.

     Сахна төрінде жалпы тоғыз команда өнер көрсетті.

1.    «Миллиард» - География және табиғатты пайдалану факультеті

2.    «Эйфория» - Еркін құрама

3.     «Физтех жастары құрамасы» - Физика-техникалық факультеті

4.     « Проспект Аль-Фараби» - «Көмек» Қоғамдық Қоры

5.     «Айжан Бердіқұлова»– Механика- математика факультеті

6.     «Қызық» - География және табиғатты пайдалану факультеті

7.     «IT құрамасы» - Ақпараттық технологиялар факультеті

8.     «Штат 71/14» - Экономика және Бизнес Жоғары мектебіфакультеті

9.     «Мех-мат құрамасы» - Механика- математика факультеті

 

Көрермен езуіне күлкі сыйлап, маусымашар кезеңінде өзара бақ сынасты. Өткізіліп отырған іс шара Ө.Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында өткізілді. Осындай көңілді кештің тақырыбы «Алматы жастары» жайлы болды.Қатысушылар қалғытпа қалжыңдарымен әзіл сүйер қауымды таң қалдырды.ҚазҰУ жастары биылғы маусымды өзгеріс маусымы деп атап,студенттік өмірдің қыжығы мен шыжығын қалжыңдап, халыққа өткізе  алды.

Сұңқар кубогы КВН ойындарына Жоғарғы  лиганың ойыншылары, ҚазҰУ дың түлектері:Нұрсұлтан Жақсыген,Оңдасын Құлымбетов сынды қазіргі беделі азаматтар  кеш қонақтары болды.Тартысты сайыстың шешуші сәтінде жүлделі орындар беріліп,командаларға сый сияпаттары  тапсырылды. Оның ішінде Үздік жанкүйер «Мехмат» факультеті атанып, дәмді торт сыйға берілсе, «Маусым жаңалығы»   наминациясына «Миллиард»  командасы лайық деп танылып, сыйға skillsacademy.kz  ағылшын курсына бір айлық тегін жолдама берілді және Қазақстан әйелдер одағы атынан 20000 тг сертификат табысталды. Креативті шақырту видеосы  бойынша «Штат 71/14» командасы лайықты деп танылып,zhekas doner house  тегін жолдама сыйға тартылды.  Маусымашар үздігі Усенова Аяжан, ILIYAS  TRAVEL  компаниясынан 150000тг сертификат ұтып алды.Белсене қатысқаны үшін «Проспект Аль Фараби» командасына skudy.kz ке жолдама берілді.Физтех жастарына 10000тг сертификат пен kitapal.kz дүкенінен кітаптар сыйға тартылды.

Финалға тоғыз команда арасынан жеті команда өткізілді.Ойын соңында Сұңқар студенттер мен магистранттар кәсіподағының төреағасы Нуриддин Бақдәулет Баймаханұлы командаларға пікір білдіріп,алдағы финалда да командалардың жоғарғы дәрежеде өнер көрсететініне өз сенімін білдірді. Көңілге қуаныш сыйлаған,талай естеліктерді еске түсіртіп,әзілмен көрсете білген әр қатысушыларға алғысымыз шексіз.Үлкен сахналарда өнер көрсетіп, тек биіктерді бағындырыңыздар деп тілек білдіреміз.

 

                                                                                                  Жолдаған:Әбдісерік Іңкәр