Есірткісіз өмір ғажайып

Қызылорда ОПД ЕҚҚІҚБ тарапынан жарияланған байқауға 

          Есірткісіз өмір ғажайып
Есірткі-адам өміріне зиян әкелетін ең қауіпті зат. Есірткі-бұл адамның көңіл-күйін,сана-сезімін өзгертіп, мінез-құлқын бұзатын қауіпті,тыйым салынған химиялық зат. Бұл затты қолданған адам ауырып, қатты қиналады. Есірткіні қолданушылар арасындағы адамдардың кейбірі бұл заттың кесерінен өліпте жатыр. Осы зиянды заттың таралуын тоқтатуға қанша тырыссақта тәуелділер саны әлі күнге дейін азаймай келеді.
Адам баласы үшін ең бірінші байлық-денсаулық. Алайда адамдар өз денсаулықтарына зиянын тигізіп, қауіпті болсада осы затты пайдаланып жүр. Бұл затты қолданушылардың басым көпшілігі жасөспірімдер, олар үшін бұндай шақтарында тыйым салынған бұл затты қолдану мен үшін олардың болашағын жоюмен тең. Неліктен жасөспірімдер себебі, олардың бұл кезеңде қызығушылықтары басым болады және де химиялық заттардың адам өміріне қандай зиян кетіретінін білмеулерінен бір сөзбен айтқанда білімсіздіктерінен.
Жалпы бұл зиянды зат грек тілінен аударғанда ессіздік, құтырыну деген мағына береді. Бұл сөзді естігеннің өзінде де құлаққа өте жағымсыз. Менің ойым есірткісіз өмір ең ғажайып өмір.
Жас достар! Есірткісіз өмір сүрейік! Жалпы адам өміріне зиянын тигізетін және де сенің өзіңді ғана емес болашағыңмен бірге ұрпағыңды құртатын есірткіден аулақ болайық. Әрқашан салауатты өмір салтын бұзбай өмір сүруге ұмтылайық! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын десек барлығымыз бірігіп осы заттан бойымызды алшақ ұстап, бұл зиянды затты қоғамнан біржолата жояйық!

Абай Сабина

Қызылорда қаласы

212 мектеп-гимназиясы

#есірткігеқарсыбайқауы 

@upndpkzo



Бөлісу: