"Есірткісіз өмір ғажайып!"

"Есірткісіз өмір ғажайып!"
жеке
блог

Есірткісіз өмір ғажайып!

«Қызылорда ОПД ЕҚҚІҚБ тарапынан жарияланған байқауға»

         Қазіргі уақытта қоғам дертіне айналған үлкен мәселелердің бірі – нашақорлық.

 Аты да , заты да жиіркенішті көрінетін нәрсенің зиянды екенін бәрімізде білеміз. «Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық аздырар адам баласын», - деп ұлы Абай атамыз айтқандай, өмірде тойып, тоңып секіретіндер болады. Қазіргі кезде бір  сәттік рахат үшін есірткіні қабылдап, соның құлына айналып кетіп жатқанын естиміз.Зиянды зат  есірткіге әуестенуі отбасындағы тәрбиеге ғана байланысты емес, балалардың өскен ортасына , достарынада байланысты болады. Біз достарымызды, сыныптастырымызды есірткінің зияны туралы айтып, аулақ болуға шақыруымыз керек.Өмірдің керемет екендігін, бізге берілген өмірдің бізге берілген сый екендігін ерте жастан түсініп,сол өмір үшін күресе білуіміз керек.

   Өмірде ешнәрсе оңайлықпен келмейді. Өмірде алдымызға мақсат қойып, сол мақсатқа жету үшін еңбектенсек қана жетістікке жетеміз. Ол үшін әрине адамда бірінші кезекте денсаулық болуы тиіс. Денсаулыққа зиян келтіретін зиянды нәрселердің бірі – есірткі.

Есірткіні қолдану –бұл адам өліміне әкеп соқтырады.Есірткіге тәуелді болған адам  ақыл есінен айрылып, денсаулығына кері әсер етіп,ауруға ұшырап, есірткісіз тұра алмайды.Қаншама жазықсыз жастар, алдап арбауға түсіп, есірткінің құрбанына айналуда.

  Бұл өмірдің керемет екендігін біліп, ата-анамыз, бауырларымыз,достарымыз бен айналамыздағы жақсы адамдармен бірге салауатты өмір салтын ұстанып, Тәуелсіз еліміздің өсіп өркендеуі үшін өз үлесімізді қосуымыз керек. Жаһандану заманында , дамыған озық технологияны меңгерген білімді ұрпақ болсақ, еліміздің  болашағы жарқын болары сөзсіз. Керемет өмір мен жарқын болашақты таңдау әр адамның өз қолында. Есірткіге , нашақорлыққа қарсы тұруға барша достарымды шақырамын!Саналы да, білімді болу үшін зиянды нәрселерден аулақ болып,өз өміріміз үшін күресе білейік,- дегім келеді.Есірткісіз өмір ғажайып!

 @upndpkzo

#Есірткігеқарсыбайқауға

Қызылорда облысы,Қазалы ауданы, Жанқожа батыр ауылы, №94 орта мектеп оқушысы Онғарбай Ақнұр