«Есірткісіз өмір ғажайып"

«Есірткісіз өмір ғажайып"
жеке
блог

 «Қызылорда ОПД ЕҚҚІҚБ тарапынан жарияланған байқауға»

                                          «Есірткісіз өмір ғажайып!»    

  
Қазіргі қоғамда  күйзеліс – басты мәселелердің біріне айналды. Күйзеліске үлкендер мен қатар жасөспірім балалар да ұшырап жатады. Оның себебі үлкендермен, отбасымен қарым-қатынастағы, мектептегі ортамен қарым-қатынастағы түсінбестік болып жатады. Кей жағдайда адамдар жалғыздықтан, жанашыр, жақын адамның болмауынан немесе олармен қарым-қатынастың үзілуінен де күйзеліске ұшырап жатады. Мұндай жағдайда өз-өзін ұстауға, өз еркін өзіне бағындыруға кез-келген жасөспірім дайын бола бермейді. Сондықтан олар көңілді көтерудің жолын, қайғыдан құтылудың жолын қарастыра бастайды. Сөйтіп, оның оңай жолы есірткі деп қате шешімге қеледі. Есірткіге уланғандағы   уақытша алдамшы  «рахат» сезімді қайғыдан құтылу жолы деп түсініп, соны қайталағысы кеп тұрады.Адам денсаулығы – қоғам байлығы, әрбір адам өз денсаулығының мықты болуы жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның  еңбекке  әрқашанда  құлшыныспен кіріседі. Бабаларымыз “Аурудың алдын ал, жаудың алдын ал, қайта көтерілген даудың алдын ал» деген екен. Ғасыр дертіне айналған есірткі және оны тұтынудан аулақ болу, кеселдің алдын алу қажеттілігі бүгінгі күн тәртібіндегі ең басты өткір мәселелердің бірі болып отыр. Адам өмірі арба секілді, қатты жүріп бара жатқан арбаның сені қай жерден тастап кететіні белгісіз. Сондықтан да, есірткінің зардабы қай жерге дейін апарары беймәлім. Ұлтымыздың болашағына қауіп төндіріп отырған наша, арақ, темекінің келтірер зияны ұшан теңіз. Есірткі – адам  денсаулығы үшін өте қауіпті. Нашақорлық - бүкіл қоғам қасіреті. Дүниежүзі елдерін жайлаған нашақорлық дерті күн сайын тамырын тереңге жайып бара жатқан «жұқпалы ауру». Бұл «жұқпалы ауруға» біздің Отанымыз -  Қазақстан да шалдыққан. Тіпті ол уақыт озған сайын асқынып бара жатыр десек те болады.  Неге? Оның әр түрлі себептері бар. Менің ойымша, ең негізгісі - жоқшылық, қымбатшылық, жұмыссыздық. Кейінгі есірткілік заттарды қолданатындардың басым көпшілігі - мектеп жасындағы бойжеткендер мен бозбалалар.   Нашақорлық – адамзаттың қас жауы. Бүгінде дүние жүзі осы ғасыр дертінің алдын алу мақсатында түрлі шаралар қолданып, мәселені шешудің жолын іздеуде. Елімізде де нашақорлықпен күрес кешенді түрде жүргізілуде. Нашақорлық – еліміздің дамуына орасан зор кедергі келтіретін індет, сондықтан біз осы індетпен табанды түрде Қазақстанның болашағы үшін аянбай күресуіміз керек.

@upndpkzo

#Есірткігеқарсыбайқауы

Қазалы ауданы

Жанқожа батыр ауылы

№94 орта мектеп 

Оңғарбай Самал

9 сынып оқушысы