Алматы қаласында «Елбасы медалі» жобасының қола медаль иегерлері

Алматы қаласында «Елбасы медалі» жобасының қола медаль иегерлері
жеке
блог

Алматы қаласында «Елбасы медалі» жобасының қола медаль иегерлері марапатталды.
2021 жылы 6 қазан күні Алматы қаласы әкімдігінің ғимаратында «Елбасы медалі» жобасының 15 «Қола медаль» деңгейінің иегерлері салтанатты түрде марапатталды.
Марапаттау рәсімінде Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров жеңімпаздарға қола медальды табыстады.

Салтанатты марапаттау рәсіміне қалалық Білім басқармасының басшысы Ляззат Жылқыбаева және «Дарын» РҒПО-ның директоры Тимур Нуркешов, «Алматы дарыны» орталығының директоры Жанат Айтпаева қатысты. Естеріңізге сала кетейік, қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 249 қаулысы негізінде бекітілген, балалар мен жастарды патриоттық танытқаны және белсенді азаматтық ұстанымы үшін ерекшелік белгісімен наградтау қағидаларын» орындау мақсатында еліміздің ең ауқымды челленджі болып саналатын «Елбасы медалі» бағдарламасы Алматы қаласы бойынша бастау алған болатын.
«Елбасы медалі» бағдарламасын «El Umiti» бастамасы аясында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы қоры және «Елбасы академиясы» корпоративтік қоры жүзеге асыруда. Жобаны ұйымдастырудағы серіктестердің бірі - «Қазақстан жастарының конгресі» ЗТБ болып табылады.
Жастарды кешенді дамытуға бағытталған жобаға 14-29 жас аралығындағы қазақстандықтар қатысады.
Жалынды жастардың болашағы жарқын болсын!