Есірткісіз өмір ғажайып

Қызылорда ОПД ЕҚҚІҚБ тарапынан жарияланған байқауға
                      Есірткісіз өмір ғажайып!
Қазіргі уақытта нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы өткізіліп жатқан шаралар арқылы көп ой тоқуға болады. Елімізде ең көп етек алып жатқан мәселе ол-нашақорлық. Ол біздің мемлекетіміздің проблемасы ғана емес, дүниежүзілік проблемаға айналды. Күн өткен сайын елімізде нашақорлыққа байланысты жасалатын қылмыстың саны күрт өсіп жатқаны ешкімге жасырын емес. Адам оған тәуелділікке түскен соң, кез-келген қылмысқа дайын тұрады. Әсіресе жастарымыз есірткінің дәмін татамын деп, соңынан оның азабын тартып жатады.
Нашақорлық дертіне шалдыққан адам онсыз өмір сүре алмайтындай күйге түседі. Нашақорлық-еліміздің дамуына орасан зор кедергі келтіретін індет, сондықтан біз осы індетпен табанды түрде Қазақстанның болашағы үшін аянбай күресуіміз керек. Нашақорлық ауруы адам жағдайының, оның физикалық және психикалық әл-ауқатының есірткіге қатты тәуелділігімен сипатталды.
Нашақорлықтардың әрқайсысына барлығымыз бірлесіп, педагогтар, дәрігерлер, ата-аналар және жеткіншектердің өздеріде қолғабыс беруіміз керек. Еліміздегі есірткіге байланысты жағдайды жақсарту бойынша ауқымды жұмысты біз барлығымыз жұмыла атқаруымыз қажет. Сонда ғана біз оңтайлы нәтижелерге қол жеткізе аламыз. Қолдау болмаған жерде бірде бір іс табысты аяқталмайды. Ең бастысы, есірткі бизнесіне және нашақорлыққа қарсы бірлесе отырып күрлесуіміз керек.
Есіртікінің өзіне тоқталатын болсақ, есірткі-ерекше және өлімге әкеліп соғатын сфера және бұл жерде гумманизм принциптерін қаншалықты қолдану толғандырады. Яғни ауру сезгіштікті жоятын химиялық зат. Бір рет қолданған соң тәуелді болып қалу қаупі жоғары. Ол адамның орталық жүйке жүйесіне әсер етіп, рухани және физикалық тепе-теңдікті бұзатын, жеке адаммен қоғамдық жағынан әлеуміттік және економикалық құлдырауға әкеліп соғатын заттар. Есірткі өміріне пайда болғаннан кейін, өмірін үнемі теріс бағытта жүреді. Ортадағы достарында азая бастайды. Онымен қоса, денсаулығыңда дұрыс болмайды. Осы есірткінің кесірінен ынтаң болмай, өмірің қызықсыз бола бастайды. Есірткі адам өміріне қауіпті зат екенін ұмытпау керек. Бұл есірткі қоғамда жаман жағынан танымал.
Әсіресе, қазіргі кезде жастар мен жеткіншектер арасындағы есірткі мәселесі аса күрделі мәселе болып отыр. Статистикалық есептерде бұл көрсеткіштер, ал адами тұрғыда бұл тірі жандардың өмірі. Ал мен үшін адам өмірі- ең басты құндылық. Дүниедегі ең қымбат нәрсе ол сенің өмірің. Өмірде деген көзқарас әр адамда әр қилы, өмір деген қызық. Біреуді құлатады, біреуді жұбатады. Біреуге сын айтады, біреуге сыр айтады. Біреуді баптайды, біреуді даттайды. Сондықтан қызықты әрі пайдалы етіп өмір сүру керек деп ойлаймын.
Болашағымыздың жарқын болғаның қаласақ, осы сәттен бастап «денсаулық-жақсы өмірдің кепілі» екенін есте сақтағанымыз дұрыс деп ойлаймын.

Жандулла Жадыра
Қызылорда қаласы
№212 мектеп-гимназия

#есірткігеқарсыбайқауы 

@upndpkzo



Бөлісу: