Талант - табиғаттан, талап - өзіңнен
жеке
блог

Талант - табиғаттан, талап - өзіңнен

Соңғы жылдары «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында елімізде республика көлемінде бірқатар мемлекеттік маңызы бар іс-шаралар өткізілгені анық. Осындай қоғамдық маңызы бар іс-шаралардың халыққа берері мол, өскелең ұрпаққа тигізер пайдасы орасан екені белгілі. Мұндай шаралардың республика көлемінде өткізілуі үлкен маңызға ие.

Қазақстан халқының ұрпақтар сабақтастығы, мәдениеті мен салт-дәстүрі, ана тілі, ұлттық идеология, ұлттық және мәдени бірегейлік, ұлттық дәстүрлерді сақтау мен дамыту сынды маңызды мәселелерді көтеруге ат салысатын бірқатар мәдени іс-шаралардың өткізілуі қоғам талап етер заңдылық.

Осы бағытта Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының «Ұрпақтар сабақтастығын және Қазақстан халқының дәстүрлерін танымал етуді қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешенін іске асыру» мемлекеттік гранты аясында «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі орта білім беру ұйымдары арасында өткізілетін “Ұлы дала өркениеттері” атты байқау ұйымдастырады.

“Ұлы дала өркениеттері” байқауы 10 қыркүйекте басталып, 20 қазанда аяқталады. Басты мақсаты – аға буын мен жасөспірімдердің арасында ұрпақтар сабақтастығын, Қазақстан халқының мәдениетін, ана тілін, ұлттық дәстүрлерін сақтауға және дамытуға, дәстүрді жаңғырту және дамыту мәселелеріне, ұлттық және мәдени бірегейлікті сақтауға, сондай-ақ жастарды өз халқының мәдениетіне, халық шығармашылығына жанашыр болуға тарту.

Байқау – «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі ұйымдастырып отырған үкіметтік емес, орта білім беру ұйымдарымен жұмыс тәжірибесі бар, конкурста жеңіске жеткен, мақсатты пайдалануын растайтын есептер ұсынуымен берілетін сыйақы.

Байқауға қатысуға ниетті орта оқу орындары ереже талаптарын сақтай отырып, белгіленген мерзім ішінде байқауға қатысуға өтінім бере алады.

Байқаудың жүлде қоры 1 800 000 (бір миллион сегіз жүз мың) теңгені құрайды. Сыйлықақы бағалау талаптарына сай ең жоғары ұпай жинаған үш ұйымға беріледі. І орынға бір миллион теңге, ІІ орынға бес жүз мың теңге, ІІІ орынға үш жүз мың теңге қарастырылған.

Мақала Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының «Ұрпақтар сабақтастығын және Қазақстан халқының дәстүрлерін танымал етуді қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешенін іске асыру» мемлекеттік гранты аясында «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің қолдауымен Ұлы дала өркениеттері» атты орта білім беру ұйымдары арасында өткізілетін байқауы жоспарына сәйкес әзірленді.