«Елбасы Медалі» - табыстың жеті бағыты!

«Елбасы Медалі» - табыстың жеті бағыты!
жеке
блог

«Елбасы Медалі» - табыстың жеті бағыты!

            «Елбасы Медалі» - табыстың жеті бағыты. «Елбасы Медалі» - еңселі елдің жас ұрпағын тәрбиелеуші, жетелеуші. Бұлай деуімізге де себеп жетерлік. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының 2019 жылы талантты әрі белсенді жастарды қолдау мақсатында ұсынған «Ел үміті» бастамасының аясында қолға алынған аталмыш жоба арқылы бүгінде еліміздің 14 пен 29 жас аралығындағы жасөспірімдері мен жастары өздерін 7 бағыт бойынша шыңдау мүмкіндігіне ие. Сондай-ақ тек өз-өзін дамытумен ғана шектелмей, еңбектерінің жемісін де көре алады. Дәлірек айтар болсам, барлық тапсырмалар мен сынақтардан сүрінбей өтсе, «Елбасы медалімен» марапатталады. Осы арқылы біз еңбекқор да әділ ұрпақ тәрбиеленетінін байқай аламыз. Ауырдың астымен, жеңілдің үстімен жүруге ұмтылатын қазіргі жастар үшін бұл –  нағыз  тәжерибе мен тағылым.

         Жалпы «Елбасы Медалі» жобасының басты мақсаты өскелең жас ұрпақтың қоғам мен мемлекет өміріне белсене ат салысуына, өз қабілеттерін ашуға көмектесу болып табылады. Қатысушылар осы негізде 3 түрлі: қола, күміс, алтын деңгейлерде, әртүрлі мерзім аралықтарында өз-өздерін дамытады. Сонымен қатар, жеке даму жоспарларын жүзеге асыруға мүмкіндік ала отырып, 7 бағыт бойынша, атап айтқанда: «Кітап оқу», «Спорт және дене шынықтыру», «Дарын мен дағды», «Ұлттық мұра», «Волонтерлік», «Туристтік сапарлар» және «Еңбек тәжерибесі» бағыттарында жұмыс жасайды. Жоба қатысушыларына түрлі бағыттағы курстар да қолжетімді екенін айта кетпеске болмас...

            Мектеп оқушыларынан бастап, студенттер мен белсенді жастардың барлығы да қатыса алатын бұл жобаға бүгіннің өзінде 43371 өтінім түскен. Ауқымды жоба аясында дәл қазіргі сәтте 10366 қатысушы, 421 тәлімгер, 17 сарапшы мен 17 өңірлік үйлестірушілер тынбай жұмыс жасауда. Сол себептен де Қазақстанның барлық қалалық, аудандық, тіпті ауылдық аймақтарында да қатысуға мүмкіндік берген аталмыш жобаға дәл сіз де қатысушы болып, тіпті «Елбасы Медалінің» иегері атана аласыз. Олай болса, белсенді жастар, тек қана алға! Елбасымыз «болашақ жастардың қолында» деп артқан үмітті ақтай білейік!