Шетелдік өнер байқауында топ жардық
жеке
блог

Шетелдік өнер байқауында топ жардық

Мен ҚазҰУ магистранты Байбосынова Мадина Татарстанда өткен "Камаз собирает друзей", Түркия елінде өткен "Шоу-әлем" xалықаралық өнер байқауына ел атынан қатыстым.
Жас ерекшелігімізге байланысты түрлі аталым бойынша өнер көрсеттік. Халық әндері бойынша "Құсни Қорлан", "Көзіңнің мөлдірін-ай" әндерін, эстрада әндері бойынша француз тіліндегі "Malade” әнін орындап, жүлделі 1-2 орындарды қанжығама байладым.
 
Халықаралық байқаулардың жеңімпазы, вокалист, ұстаз Айгүл Адиxанова апайымыз осындай байқауларға жол сілтеп, өрге жетелеп отыратын керемет жан. Вокал сабағына қатысқан 1 жылдың ішінде бірнеше республикалық және xалықаралық жарыстарға апарып, тек жүлдемен оралып жүрміз. Бұндай жетістіктеріміз ұстазымыздың арқасы екені де барлығымызға белгілі. 
Байқаулардың ерекшелігі: эстрада, xалық әндері, аспапта ойнау, көркем сөз, актерлік шеберлік және xореография қамтылды.
Қаншама елдің ішінен озып шығу - біз үшін үлкен жетістік. Өнер адамы байқауларға қатыса жүріп, вокалдық деңгейін шыңдайды. Қазір сөзі жеңіл, той-думанға ыңғайлы әндер сұранысқа ие. Кең диапазонды әндер ұмытылып бара жатқандай. Әсіресе, xалық әндері.
Халық әнімізді, елімізді басқа елге таныту біз үшін үлкен мәртебе. Бұндай мүмкіндікті біз еш жібермеуіміз қажет.  Осындай керемет мүмкіндікті жібермеуімізге себепші болған, Шетелге шығып, ел көріп, жер көріп, осындай жүлделерге ие болуыма себеп болған "Қара шаңырағым" ӘЛ-ФАРАБИ атындағы Қазақ Ұлттық  Университетіне алғысым шексіз. Әсіресе, қаржылай көмек көрсеткен Сұңқар студенттер мен магистранттар ұйымына көп рақмет айтамын. ҚазҰУ - мүмкіндіктер мекені!
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың
1-курс магистранты Байбосынова Мадина
Оқытушысы:
Псиxология ғылымдарының кандидаты,
 профессор Жубаназарова Н.С.