"Берік отбасы -есірткіден алыс!"

"Берік отбасы -есірткіден алыс!"
жеке
блог

            "Қызылорда ОПД ЕҚҚIҚБ тарапынан жарияланған сайысына"

                                                   Берік отбасы-есірткіден алыс!

"Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің" деп Бауыржан атамыз айтқандай, баланың саналы, иманды, мейірімді болып өсуіне біз яғни ата-анасы жауаптымыз. Өйткені жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, ата-ана оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды. Берік отбасы болу үшін - ұлтымыздың тектілігін сақтауды мұрат еткен  ата-бабаларымыздың аманатын орындауды мақсат еткен дұрыс. Бабалрымыз «генетиканы» Г.Мендельден де бұрын білген. Ұлт тазалығын сақтап, дені сау ұрпақ өрбітудің бірден бір жолы – ұлттық  құндылықтарымызды өскелең ұрпаққа рухани байлығымызды дәріптеу, ұлттық тәрбиені жастардың бойына сіңіру. Отбасының  дәстүрлі құндылығы -  жанұяда дінді сақтау, некені бұзбау, ұрпақ жалғастыру,                                                                                     балаларды дұрыс тәрбиелеу-дейді үйдегі қарт анамыз Бақыткүл әже. Біздің отбасымызда махаббат, сенім, түсіністік берік орын алған. Оның басты айғағы айрандай ұйыған тату отбасымыз деп мақтанышпен айта аламыз.   Біз отбасымызда осындай ұғымдарды ұстана отырып балаларымыздың өз денсаулықтарына мұқият болуларына,  зиянды заттарға әуес болмауларына аса назар аударамыз. Біздің отбасымыз зиянды заттардан яғни шылым шегу, ішімдік ішуден алыс. Зиянды заттардың бірі ол –есірткі. Есірткі!Бұл ұғым бәрімізге таныс әрине. Есірткіге еліктейтіндер көбінесе жасөспірімдер мен жастар . "Баланы жастан " демекші баланы жас кезінен қадағалау керек. Алайда қазіргі уақытта кейбір ата-аналар өздері спирттік  ішімдік пен шылым шегу сияқты зиянды заттарға әуес болса, кейбір ата-аналар жұмыстан қолы босамай, бала тәрбиесіне салғырттықпен қарайды. Осының барлығы отбасында түсініспеушілік туғызып, ата-ана тарапынан бақылаудың төмендігінен –жасөспірімдердің зиянды заттарға, есірткіге  әуестенуіне әкеліп соғады.  Ал есірткі  түрлі қылмыстық істерге  итермелейді. Оған дәлел күнделікті еститін жаңалықтар, құрықталған қылмыскерлер... Осы орайда елімізде осындай  келеңсіздіктерді болдырмау үшін  нашақорлыққа қарсы жұмыс жасап жатқан, өздерінің өмірлерін Отан үшін, еліміздің болашағы үшін қиып, қиыншылықтарына  төзіп жүрген полиция қызметкерлеріне айтар алғысымыз шексіз!Қоғамымызда осындай келеңсіздіктер болмас үшін , жоғарыда айтылып өткендей әр отбасында ата-аналар ұрпақ алдындағы жауапкершіліктерін өз дәрежесінде орындап, уақыттарын тиімді өткізіп, ұлттық тәрбиені бала бойына сіңірсе балаларымыздың болашағы жарқын, бақытты отбасы қатары көбейетініне сенімім мол.Қорытындылай келе  «Ел боламын десең - бесігіңді түзе» деп Мұхтар Әуезов атамыз айтқандай,ел болашағы-ұрпақ тәрбиесінде.Әкеден-ақыл, анадан-мейір демекші,әкенің дұрыс бағытын көріп, ананың аялы алақанын сезініп өскен баланың болашағы жарқын болмақ.Ел болып, ұрпақ тәрбиесін қолға алайық!

#ҚЗОПДЕҚҚІҚБбайқауына

Қазалы ауданы

Жанқожа батыр ауылы

94 орта мектеп

Тұрғанбаевтар отбасы