"Мен саған есірткі жайлы айтып беремін"

"Мен саған есірткі жайлы айтып беремін"
жеке
блог

«Қызылорда ОПД ЕҚҚІҚБ тарапынан жарияланған байқауға»

«Мен саған есірткі жайлы айтып беремін.»

       Есірткі –қоғамды таңдандырмас сөз.Жалпы есірткі сөзі қандай мағына береді?Есірткі сөзі-естен айырылу деген мағынаны береді.Адамдар бір қолданғаннан естен айырылып,қайта қолданғысы кеп тұрады.Есірткімен қоғамда күресіп жатқанын күнделікті көгілдір экранның алдында көріп отырамыз.Кей адамдар есірткі шекпесе де сатумен айналысып жатыр.Бұл есірткінің  кішкене қорабының өзі қаншама ақша.Осы лас нәрсемен байып отырған адамдар қаншама десеңші.Байлық,ақша жолында адам денсаулығына кері әсер тигізетін затты сатып қоймай,өз туған балаларының көз алдында бұл шөпті өсіріп пайда тауып отырған қасиетсіз адамдарды экран алдында көргенім жаға ұстатты.Қара шаңырақ,киелі мекеніміз берекелі болсын деп тілейтін адам сол шаңырағының төбесіне есірткі шөбін еккені дұрыс па? Бұл әрекетті көріп өскен бала қандай болмақ?

      Есірткінің зиянын айтып отырғанда таң атып кеш батады.Иә,расымен! Ауыл баласы ата-анасының аманаты мен үмітін арқалап қалаға оқуға түсіп,қиын өмірдің қысымына шыдамай бәрін бір түтінмен  орнына келтіретіндей  басын бастап,ақыры өз өмірін өлімге жақындатады.Ал,қыз бала ше? Қыздық дәмін есірткімен ластап,болашағын бұлыңғыр етіп,ана болу бақытынан айырылып жатады.Есірткі кейде наша деп жатамыз,бұл кішкене ғана шөп үлкен адамның үлкен арманы мен мақсатын,отбасы мен ошақ қасын ойрандайтын зат екенін ұғынсақ екен.

       Айдаһардың үш басындай арақ, темекі және наша – ауруға жол ашатын мүмкіндіктердің басты себептері. Нашақор адамдар – өмірлерінен күдер үзген, болашағы жоқ адамдар. Саралап алсақ , осының барлығы адам қолымен жасалып, қоғамның ілгері дамуына кері әсер тигізуде.

        Есірткіні алғаш қолданар алдында ойлан! Ол ешқандай жақсылық әкелмейтінін ұмытпа. Егер сен қызық ретінде есірткі сатып алған болсаң, онда тез құтылуға асық. Танысың қанша жерден үгіттесе де, қарсылық таныт!Бұл сенің жарқын болашағыңды бұлыңғыр ететінін ұмытпа!

 

Байқоңыр қаласы №275 орта мектеп

Жолдасова Аяжан 6 «В» сынып