Есірткісіз өмір ғажап!

Есірткісіз өмір ғажап!
жеке
блог

       Есірткісіз өмір ғажайып!

Қызылорда ОПД ЕҚҚІҚБ тарапынан жарияланған байқауға

      Елбасымыз  Н.Назарбаевтың  «Қазақстан 2030» стратегиялық  даму бағдарламасындағы  халқына  жолдауында  «Қазақстанның әрбір азаматының  денсаулығы мықты, хал-ахуалы жақсы болуы тиіс»- деп атап көрсеткен болатын. Сол себепті бірінші кезекте қазақ халқымыздың денсаулығын нығайтуымыз керек.

      Алайда  21 ғасырда адам баласының басына төнген қауіпті эпидемия, бұл-нашақорлық.Бұл жастар арасында кең етек алуда.Бұның ауқымды мөлшері арлы- берлі Қазақстан арқылы өтеді. Қаншама бейкүнә адамдар осылардың құрығына түсіп, неше түрлі ауруларға шалдығып,дүние салғандары қаншама десеңізші.

     Есірткі – бұл адамның ең алдымен сана – сезімін, мінез – құлқын, көңіл- күйін бұзатын химиялық зат. Бұны бір тартып көрген адамның  есінен аздырып, құмарлық жиілігіне ұшыратады. Нашақор, күндер өте келе, бейшара халге түседі.

     Елбасымыздың «Болашаққа бағдар рухани жаңғыру аясында» жолдауын көпке түсінікті, бүгініміз бен болашағы жарқын Қазақстанға апаратын нақты жоспар, мақсаты көрсетілген,рухани жаңғыртуға  бағытталған құжат деп білемін. Ендеше болашаққа бұлыңғырсыз аяқ басу үшін тарихымызды жаңаша жандандырумыз қажет. Елбасымыз бәсекелестіктің рухани жаңғыру үшін маңызы зор екенін атап өтті.

     Шыныменде  бәсекелестіксіз ешнәрсе болуы мүмкін емес.Елбасымыз айтқан тұжырымды ойлар.Ешқандай дәлелдеуді қажет етпейтін.тәжірбиеден өткен қатаң қағидалар.

     «Тәрттіпке бағынған құл болмас» - дегендей, біз Елбасымыздың айтқан қағидаларын қолдана отырып дамыған елдердің көшін бастауымыз керек. «Рухани жаңғыруымыз жаңғырық болып қалмас үшін» тұжырымды ойлардан,тағылымды тәрбие алып, ісімізден нәтиже шығарумыз қажет.

     Сол себепті біз жастар келешегіміз жарқын болсын десек, мұндай зиянды әрекеттерге бармауымыз керек.

Ей, ұрпағым,есіңді жи, азбаңдар,

Қиыршық құмдай үгітіліп тозбаңдар.

Бойыңдағы қуатыңды жоғалтып,

Жақсы үмітпен, сеніміңнен таймандар.

Салауатты өмір салтын сақтаңдар,

Болашаққа нық қадам бастаңдар! – дей келе болашақ жастар Есіркісіз өмір ғажайып» екенін тағы бір айта кеткім келеді.

Қызылорда қаласы

Әлия Молдағұлова атындағы №173 орта мектептің 9 В сынып оқушысы Бахтияр Дания Бахтиярқызы

@upndpkzo

#ҚЗОПДЕҚҚІҚБбайқауына