«Арыстанның» дәстүрі жаңғырды

«Арыстанның» дәстүрі жаңғырды
жеке
блог

Жуырда қазақ тілінің мәртебесін көтеру мақсатында «Арыстан-2019» БҰҰ моделі бойынша зияткерлік ойыны өтті. Ойынның пленарлық мәжілісінен кейін әр сынып «Экология» комитеті бойынша «Су ресурстарын қорғау және тиімді пайдалану жолдары»,  «Халықаралық қауіпсіздік және қарусыздандыру мәселелері» комитеті бойынша «Терроризм – халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздіктің қауіп-қатері», «Экономикалық және қаржы мәселелері» комитеті бойынша «Халық санының өсуі – биоресурстар үшін қауіп көзінің бірі» тақырыбында ойларын ортаға салды. Бір айта кетерлігі апталық аясында лицей асханасында ұлттық тағамдар берілсе, үзіліс кезінде дәлізде қазақ халқының тамаша әндер мен күйлері ойнап тұрды. Апталыққа қатысқан лицеистер де бар ынта-шынтасын салып, сөз арасында қазақ мақал-мәтелдерін қолданып, мысалдап сөйледі. Мұндай апталықтар тек бір лицеймен және 7 күнмен шектелмей республикалық эстафетаға айналдырарлықтай бастама екені сөзсіз. Жақсылықты көре тұра, жақсы істі біле тұра істемейтін өзіміз. Неге?