Менің Қазақстаным!

Менің Қазақстаным!
жеке
блог

Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасының «Халықтың арасында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін құрметтеу және патриотизмді қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысын жүзеге асыруда. Әлеуметтік жобаның мақсаты – белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру. Әлеуметтік жобаның жұмыс жоспарына сәйкес желтоқсан айының 07 желтоқсанында, сағат 10.00-де Түпқараған ауданы, «Дарын» қосымша білім беру орталығында ҚР Мемлекеттік рәміздерінің және Қарулы Күштерінің 25 жылдығы аясында балалар мен жасөспірімдер арасындағы облыстық «Менің Қазақстаным» байқауы өтті. Байқауға Түпқараған ауданы бойынша 6 мен 17 жас аралығында 26 талапкер эстрадалық вокал, дәстүрлі ән, аспапта ойнау, хореография, көркем сөз, эссе жанры бойынша сайысқа түсті. Байқаудың мақсаты – дарынды жастарды қолдау, ұлттық патриотизмге тәрбиелеу, Отанына, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру. Жастар арасында мемлекеттік рәміздерді насихаттау және тәуелсіздігіміздің белгісін құрметтеуге баулу. Байқауға қатысушы өнерпаздарды бағалау үшін қазылар алқасы құрылды. Құрамында Жақыпбекова Рымкеш – «Өнер және кәсіпке бағдарлау» мектебінің мұғалімі, ардагер ұстаз, қазылар алқасының төрайымы,Мағдатов Наурызбек – «Түпқараған жастары» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Қыдырбаева Анар – «Жорға» Халықтық би ансамблінің хореографы, Бултенова Гүлшат – Түпқараған аудандық жастар ресурстық орталығының директоры , Мұратова Айдана Тарасқызы - аудандық жастар ресурстық орталығының маманы, қазылар алқасының хатшысы. Байқау қорытындысы бойынша анықталған жеңімпаздарға дипломдар, алғыс хаттар және бағалы сыйлықтар табысталды.