Жастарымыз есірткіден аулақ болсын!

Жастарымыз есірткіден аулақ болсын!
жеке
блог

ОІІД ЕБҚКБ  тарапынан жарияланған сайысқа

Жастарымыз есірткіден аулақ болсын!

         Әлемді жайлаған нашақорлық дерті күн сайын тамырын тереңге жайып барады.

Ол уақыт озған сайын асқынып бара жатыр деп айтуға болады. Оған әр түрлі себептері бар. Ең негізгісі – есірткі және психотроптық заттарға қолжетімділік.

Есірткі заттарды қолданатындардың басым көпшілігіне бойжеткендер мен бозбалалар жатады. Өйткені жасөспірімдер еліктегіш келеді, сондықтан бір реттік ләззат қуудың артының қараңғы тұңғиыққа түсу екендігін аңғармай қалады. Ал есірткінің атты зиянкестің  қармағына бір іліккен адам, одан оңай құтылып кете алмайтынын сол жастар әлі біле бермейді. Нашақорлық дертіне шалдыққан адам онсыз өмір сүре алмайтындай күйге түсіп  өзінің денсаулығын, өмірін құртып қана қоймай, жақындарының, қоршаған адамдардың өміріне де қауіп төндіреді.

         Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 наурыздағы № 186 қаулысымен бекітілген тізіміне медициналық мақсатта пайдалануға тыйым салынған есірткі заттардың 72 атауы көрсетілген. Бұларға гашиш, анаша, героин, кокаин, каннабис, апиын және тағы басқа заттар жатады. Психотроптық заттар-адамның психикалық функциясына әсер ететін қауіпті заттар.

        Елбасының «Қазақстан- 2030» жолдауында көрсетілген өзекті мәселелердің бірі- салауатты өмір сүру, оны насихаттау мәселесі. Салауатты өмір салты дегеніміз- ол әлеуметтік тұрмыстарды жақсарту бос уақытты тиімді пайдалану, зиянды әдеттерден аулақ болу деген сөз.  Соңғы уақытта етек алған  жастар үшін үлкен зиян келтіретін заманымыздың дерті ол-  нашақорлық. Өмір сүру адамға бір-ақ  рет беріледі. Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде дейді, данышпан халқымыз. Өмірімізді ұзарту да қысқарту да өз қолымызда.

        Есірткіге ойланбастан бір берілген адам өмір бойы зардабын тартып жылап өтеді. Тек өзі ғана емес, ата-анасын, бауырларын, жанашар жақындарының бәрін де қоса жылатады.

        Осы мәселені зерттеуші мамандар мәліметіне сүйенсек, есірткі сынды айықпас удың тұтқынына 13-15 жас аралығында жасөспірімдер айналуда. Нашақорлықтың орташа жасы 30-дан да төмендеп кеткен. Соның салдарынан қылмыс көбейе түскен. Осындай ауыр апаттан жастарды арашалап қалу мақсатымен тиісті мекемелер ғана емес, бүкілхалықтың іс екенін бірігіп жұмыс істеу керектігін әрқайсымыз жетік түсінуіміз керек.

          Нашақорлықты болдырмау және оның алдын-алу мақсатында мектебімізде «Нашақорлыққа жол жоқ», «Есірткісіз өмірді насихаттаймын», «Берік отбасы есірткіден аулақ!» тақырыбында үгіт-насихат жұмыстары,  түрлі жарыстар,    сахналанған қойылымдар және де тақырыптық тәрбие сағаттары өтіліп тұрады, оқушылар «Біз есірткісіз өмірді қалаймыз» айдарымен мақала, өлең жолдарын жергілікті баспа беттерінде жариялады.   ІІБ қызметкерлері, денсаулық сақтау саласының мамандары шақырылып тұрады. Өтпелі кезеңдегі 7-8 сынып оқушыларына, жоғары сынып оқушыларына нашақорлықтың зияны мен салауатты өмір салтын қалыптастыру, жарқын болашағы туралы жете түсіндіріледі.Жасырын  сауалнамалар алынады. Мектеп психологтары жұмыстар атқарады.

        Осындай  жұмыстардың  мақсаты: санасы уланбаған, жаны пәк балаларымызды жасөспірім шақта  салауатты өмір сүріп,  алдына қойған мақсаттарына жетіп, еліміздің ертеңі болар азаматтары етіп  тәрбиелеу. Сондықтан болашағымыздың жарқын болуы үшін  бәріміз:  ұстаз, ата-ана, қоғам боп жұмылайық, ағайын!

          

              №277 орта мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі  Аяпова  Арайлым