Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / «Мен өмірді қалаймын..!»

«Мен өмірді қалаймын..!»

«Мен өмірді қалаймын..!»

ҚЫЗЫЛОРДА ОІІД ЕБҚКБ ТАРАПЫНАН

ЖАРИЯЛАНҒАН САЙЫСҚА

Ұраны: Есірткісіз болашақты қолдайық,

Одан әркез бойымызды қорғайық!

 

«Мен өмірді қалаймын..!»


        Есірткі....Есірткі дегеніміз не? Оған кімдер тәуелді болады?Есірткіге тәуелділіктен арылған адамдар бар ма? Қазіргі қоғамның өзекті мәселесі осы. Шынымен есірткі дегеніміз не? Есірткі дегеніміз медициналық қолдануға жатпайтын, орталық жүйке жүйесіне әсер етіп, адамның көңіл – күйіне әсер ететін, заңды, әлеуметтік тиым салынған күшті химиялық зат.Есірткі (грекше narke – жансыздану, mania – ақыл – ойдан арылу, құмарлық) деген мағынаны білдіреді.

           Б.з.б. 3 мың жыл бұрын қытай императоры емші  Шэнь-нун есірткіні ішек, склероз, ұмытшақтық, жөтел ауруларын емдеуге ұсынған. Бұл бастапқы кезде шай ретінде демделген. Ежелгі мысырлықтар апиынды б.з.д. 1600 жылы балалар мен ересектерге тыныштандырушы зат ретінде қолданған. Ежелгі гректер қайғы-қасіретті ұмыттыру мақсатында және ауыр хәлдегі науқастарға ұйықтататын дәрі деп пайдаланған.

         Есірткі ағымының негізгі мақсаты – бір мемлекет немесе бір қоғамның ұлттық санасын және қорғаныс қызметін жойып, оны отарға айналдыру. Жезөкшелік, парақорлық, құмарлық, зорлық, өзін-өзі өлтіру, жыныс ауыстыру, нашақорлық, отбасының ыдырауы секілді қоғамды құлдырататын себептер есірткі мәдениетінің негізгі элементтері болып табылады.Әлемді жайлаған нашақорлық дерті күн сайын тамырын тереңге жайып барады. Бұл «жұқпалы ауруға» Қазақстан да шалдыққан. Ол уақыт озған сайын асқынып бара жатыр деп айтуға болады. Есірткі заттарды қолданатындардың басым көпшілігіне — мектеп жасындағы бойжеткендер мен бозбалалар жатады. Өйткені жасөспірімдер еліктегіш келеді, сондықтан бір рет есірткіні қолдансам ештеңе ете қоймас деп, қалай нашақор болғанын білмей қалады. Ал есірткінің қармағына бір іліккен адам, одан оңай құтылып кете алмайды. Нашақорлық дертіне шалдыққан адам онсыз өмір сүре алмайтындай күйге түсіп өзінің денсаулығын, өмірін құртып қана қоймай, жақындарының, қоршаған адамдардың өміріне де қауіп төндіреді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 наурыздағы № 186 қаулысымен бекітілген тізіміне медициналық мақсатта пайдалануға тыйым салынған есірткі заттардың 72 атауы көрсетілген. Бұларға гашиш, анаша, героин, кокаин, каннабис, апиын және тағы басқа заттар жатады. Психотроптық заттар – адамның  психикалық функциясына әсер ететін қауіпті заттар. Тізім бойынша мұндай заттардың 38 атауы берілген. Оларға аминорекс, месхалин, метамфетамин, псилоцин және тағы басқалары жатады. Мемлекет тарапынан қаншама есірткі бизнесіне қарсы іс-шаралар қолданылып жатқанмен осындай қылмыстардың санының азаятын түрі көрінбейді. Сондықтан қазіргі таңда қоғамымызда есірткілік заттарға және оның бизнесіне қарсы күрес күшейіп осындай қылмыстардың алдын-алу жолдары қарастырылуда. Соның біріне қылмыстық заңнаманы ізгілендіруге бағытталған және 2011 жылдың 18 қаңтарында қол қойылған заңның шеңберінде Қылмыстық Кодекстің 259-бабының 1-бөлігі декриминализацияланды, онда өткізу мақсатынсыз есірткіні ірі көлемде заңсыз сақтағаны үшін жауапкершілік көзделген болатын. Бұл есірткіге тәуелді адамдарға репрессивтік қысымды төмендету мақсатында жасалған қадам болатын.

        Есірткіге тәуелділіктен денсаулығын құртып жатқан, тіпті, өлім құшып жатқан жандар көп. Ол ауруға қарапайым халыққа қарағанда, жұлдыздар көп шалдығады. Көбінесе, шетел жұлдыздары. Өзімізге белгілі актриса сұлулықтың символы атанған Мерилин Монро, голливудтық әнші, биші Майкл Джексон да осы есірткіні шамадан тыс қолданғандықтан өмірден өтті. Бала кезімізден бізге Кевин есімімен таныс «Один дома» киносының басты кейіпкері Маколей  Калкин есірткіні заңсыз үйінде ұстағандықтан түрмеге түскен. Есірткіге бір тәуелді болсаң, одан айығу мүмкін емес болып қалады. Ол ешқандай қаражатқа да емделмейді. Сондықтан, Алламыз сау қылып берген денсаулықты, мына қамшының сабындай қысқа ғұмырымызда есірткі сынды зиянды заттарға уламай, өмірімізді мәнді де сәнді өткізейік.

 

Есірткіге жоламасын ешкім де,

Денсаулықты сақтау парыз әркімге.

Осы бастан үйренейік о достар

Салауатты ғажайып өмір сүруге!

 

                                   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Абдусахина Жанат Аманкелдиевна

Байқоңыр қаласы №273 орта мектептің

11 «А» сынып оқушысы

0
Рейтинг: +0

Жазылған уақыты: 16 қазан 2017, 19:10

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

--> --> -->