Алғысымыз шексіз! (Қорытынды блог)

Қайырлы күн массагет порталының тұрақты оқырмандары.Міне байқаудың аяғына да жетіп қалдық. Осы уақытқа дейін үйренгеніміз көп, үйренеріміз де әлі алда.

Кеше алдымызға мақсат қойсақ, бүгін сол мақсаттарымыздың қаншалықты орындалғаны жөнінде қорытып жатқан жайымыз бар.

Менің ең алғашқы мақсатым орындалды.Яғни, бұл байқаудың соңғы блогын жазуым соның дәлелі болмақ. Әрине, «Мақсатыңа Массагетпен бірге жет» байқауының қорытынды блогын айтамын!

Байқау басталғалы бергі он бесінші блогым осы-қорытынды блог.Жоспарларымды пайыздық көрсеткішпен есептейтін болсам тоқыма тоқу мақсатыма 100%, гитарада ойнауға 60%,тағамдарға 50%, кітап оқуға 40% жеттім деп айтуыма болады.

Уақыттың тапшы болуынан-бәрінен 100% көрсете алмағандығым.Әрине мұнымен шектеліп қалмау керек. Бір апайымның «асықпай тез жазыңдар» деген сөзі есіме түсіп кетті ғой! Асықпай, бірақ үздіксіз еңбек ету қажет.

Маған Массагет порталының қызметкерлері өте ұнайды. Неге дейсізбе олардың бір-бірлеріне деген сыйластықтары,сүйіспеншіліктері,орынды әзіл-қалжыңдары (инстаграм жақсы болды ғой бізге) ең бастысы әрбір блогердің блогына мән беріп, қолдап-қолпаштағандары ұнайды.

Біздің, яғни арша тобының жетекшісі Марғұлан ағайдың WatsAppта ылғи сөзін «Құрметті менің сүйікті Арша тобым» деп бастайтындығы құлағымыздан кетпей, санамызда сақталары  анық.Сізге алғысымыз шексіз ағай, апта сайын блогтарымызға пікір қалдырып, түзеп, қолдау көрсетіп, ақыл қосып отыратындығыңыз үшін. "Осы аптада жақсы блог жазғандарға өз атымнан жақсы сыйлықтар бар" деп қызықтырып қойдыңызғоой! Осы аз уақыттар аралығында Арша тобының жүрегінен ойып тұрып орын ала алдыңыз ағай!



Бөлісу: