Массагет - достық символы(Соңғы блог)

Массагет - достық символы(Соңғы блог)
жеке
блог

       Массагет – достық символы. Массагеттікер – адал достар, ақжарқын жандар. «Бүгіннен қалдырмай соңғы блогыңды жарияла»,- деген кезде: «Әлі уақыт бар емес пе?» деп ойлап едім. Сөйтсем, уақыт таяған екен ғой. Сонымен бұл байқаудың маған берген әсері қандай?

        Байқау барысындағы қызықты сәттерді еске алсам өмірімдегі ерекше жазғы демалысымның осы екеніне еш күмәнданбаймын. "Жазғы демалыстарың қалай өтті, қалай демалдыңдар?"- деп сынып жетекшіміз сұраған кезде, Кемеңгер Айдана секілді, ең бірінші болып жауап беремін. Массагет жайлы айтамын.

       Массагет маған не берді: Тәжірибе, жақын достар. Сыйластық. Ұйымшылдық.

     Немді алды: Ең қызықты естеліктерімді. Өткен күндерім естелік болып жиналды. Ол естеліктер осы жере сақталды.

      Мен массагетке не бере алдым: Босқа өтетін алтын уақытымды Массагетке арнадым.Еш өкінбеймін де.

      Массагет маған не берді:Мотивация және Әсел  апай.

    Бізді: «Қыздарым, алтындарым»- деп атаған кезде нағыз ұстаз махаббатын сеземін. Қанатының астындағы шәкірттерін қайрап жеңіске жігер берді.

Топтың қыздары жайлы айтайын ба?

Айдана(Айдон). Ең жақын араласатын құрбыма айналды.  Қияли екені рас( біздің қыздар, бәріміз қиялимыз жалпы) Журналист болғысы келеді. Оның қолынан келетініне сенімім мол. Ән салады, өлең оқиды, биге де жаны құмар, спорттанда кенде емес.Бір сөзбен айтқанда күшті қыз.

Айсұлу(Айдай сұлу ғыз). Көңілді жан. Байқау басынан бірге араласамыз. Ағылшынша сөйлескенбіз. Өлең оқыған кезде даусы ұнаған еді. Барлығымен тез тіл табысады. Ылғи қолдау білдіреді. Өмірге көзқарасы ерекше жан.

Ақниет(Позитив). Не үшін «позитив». Өте ашық қыз. Бізге балалық шағы, басынан өткерген оқиғалары туралы ашылып айтып береді. Біреуіміз сөзін бөлмей тыңдаймыз. Жазып отырырп ақ елітіп әкетеді. Қасында болсақ мүлдем сөйлемей соны тыңдауға бармыз. Қайғылы оқи,а болса да соғынан бізді күлдіріп, айналаны жарық қылып жібереді.

Арай(Ниязымбетовтың жерлесі;). Спорт десе ішкен асын жерге қояр жан.Сериал көріп уақыт өлтірмейді. ҚазСпортты қосып қойып қозғалмай отырады. Дзюдомен айналысады. Ер балалардың ортасында жүрседе өзін қорғай білетін батыр қыз. Қыз болсада ерге бергісіз мінезі бар. Қылықты қыз.

Бахытнұр(Анджелла). Корей тілін өте жақсы біледі десем қателеспеймін. Жақында ғана емтиханнан өтті. Ең жоғарғы көрсеткішті көрсетті. Жарады.Біз оған сенеміз. Өте көп еңбектенді. Соған қарамастан бізге де уақыт табады. Әңгіменің түбін түсіреді өзі.

Жұлдыз( каратист). 2 ай бойы жаттығу жасап, каратэмен айналысты. Бізбен сөйлесуге көп уақыты болмаса да қолдау білдіріп отырады. Байқау аясында өз мақсатын толықтай орындады.

Қызықты күндерімнің куәсі болған Массагетім – талай-талай алып тұлғалар сабақ алған мектепке айналарың сөзсіз. Мақсатқа жетелегенің үшін, мақсатқа жеткізгенің үшін мың алғыс!