Жаңа өмір бастау үшін...

Жаңа өмір бастау үшін...
жеке
блог

 Қожа Ахмет Яссауи бабамыздың хикметтері - діни тұрғыдан да, әдеби тұрғыдан да берері мол. Сонау ғасырлардан осы кезеңге дейін жеткен баға жетпес асыл қазына. Ақын өз кітабын қыпшақ даласы мен Орталық Азия түркілеріне кезінде түсінікті болған шағатай тілінде жазған. Мұның өзі араб тілінде жазылған Құран Кәрім мен түрлі хадис, тәфсирлердің күрделі қағидаларын жергілікті түркі халықтарының түсініп оқуына мүмкіндік берді.

 «Диуани хикмет» – көшпелі елдің ауыз әдебиеті үлгілеріне негізделіп, түркі халықтары фольклорының тілдік-стильдік, модельдік тәсілдерін зор шеберлікпен пайдалана отырып жазылған көркем туынды. «Диуани хикметтің» түпнұсқасы сақталмаған. Ең ескі нұсқасы XV ғ-дың орта кезінде араб әрпімен көшірілген. Бертін келе «Диуани хикмет» Қазан (1887–1901), Стамбұл (1901), Ташкент (1902–11) баспаларынан жарық көрген.Қожа Ахмет Йасауи «Диуани хикметте» «Аллаға жақындай түсу үшін» әрбір адам өзінің өмір жолында төрт басқыштан өтуі керектігін айтады. Біріншісі – шариғат. «Шариғат» – ислам діні қағидалары мен шарттарын тақуалықпен мүлтіксіз орындауды әрі құдайға құлшылық жасауды талап етеді. Екіншісі, «тариқат» – дін ғұламаларына шәкірт болып, жалған дүниенің түрлі ләззаттарынан бас тарту, Аллаға деген сүйіспеншілікті арттыра түсу болып табылады. Бұл басқыш сопылықтың негізгі идеясын, мұрат-мақсатын аңғартып тұр. Үшіншісі, «мағрифат» негізінен дін жолын танып-білу сатысы деуге болады. Бұл басқыштың негізгі талабы – күллі дүниедегі болмыс-тіршіліктің негізі «бір Алла» екенін танып-білу, түсіну. Төртіншісі, «хақиқат» («фано») – Аллаға жақындап, оны танып-білудің ең жоғары басқышы.

 Мен жаз маусымында осы хикметтерді жаттауды мақсат еткен болатынмын. Мен бұл мақсатыма жеттім бе? Хикметтер маған не берді?

1.Имандылыққа тәрбиелейтін шығарма. Бұл шығарма адамгершілік,ізгілік, имандылық сынды қасиеттерді арттырарлық ерекше күшке ие. Өмірді,өзімді, өзгелерді құрметтеуді арттырдым.

2.Ислам дінін дәріптейді. Дініміздегі бес парызды орындау әрбір мұсылманның арманы һәм мақсаты екені анық. Жүрегімізде Жаратқанға деген сенім бар. Көп жылдан бері ораза ұстап, намаз оқуды мақсат еткен болатынмын. Екі жылдан бері қасиетті айда анашыммен бірге ораза ұстап жүрмін. Ал осы жылы мен армандаған ұлы бір мақсатыма жеттім. Бұл мақсатымды мен үш жыл бойы жоспарлаппын. Ол мақсатым - Намаз оқу болатын. Осы жылы Таң Намазын оқуды бастадым. Жақын күндері бес уақыт Намазға көшетініме сенімім мол.

3.Діни шығармаларға баулиды. Осы хикметтен кейін түрлі діни түсініктерді, діни бейнероликиерді, діни бағдарламаларды қалт жібермейтін болдым. Осы істьің арқасында менің мінезімде де, ойлау жүйемде де аздап өзгерістер болды. Әрине, жақсы жағына қарай :)

4.Өмір сүру үшін тәжірибе жинайсыз. Өмірде қандай қиындықтардың кезігетінін, еш нәрсенің мәңгілік емес екендігіне тағы бірде көз жеткіздім. Кейбір сәттерде жаныңнан ешкім табыла алмайтынын, тек өзіңіз шешім қабылдап, алға жалғыз өзіңіз қадам басуыңыз қадет болатын кездер де болатынын түсіндім. Жалпы айтқанда, бұл хикметтерден үлкен сабақ алдым. Сіздерге де оқып шығуға кеңес беремін. Сонымен қатар, бұл шығарма сіздің өміріңіздің жақсылыққа толуына үлкен септігін тигізеріне сенімім мол.