Мен Массагеттен не алдым?

Мен Массагеттен не алдым?
жеке
блог

Массагет... Мен жетінші сыныпта аяқ басқанға дейін тұйық, ұялшақ болдым.

Массагеттен көп нəрсені үйрендім. Көзім ашылды. Көп іздене бастадым. Өзімді жақсы көруді үйрендім.  Байқауға қатысу арқылы еңбекқорлыққа, ұйымшылдыққа үйрендім. Бойымдағы қабілетімді шыңдап, жазуды үйрендім. Оқырман таптым. Өткен жылы қатысқан қыздар арасынан Ақжарқын Нұрланмен жақын дос болып, сырласамыз, көзқарастарымызбен бөлісеміз. Ол менің қалжыңымды да түсінетін болған. Биыл Айдана Турткулбаева, Əсел Нұрлан, Айсұлу Би, Арай Сисенбай сынды қыздармен жақын араласамын. Ақниет, мен сенің жазбаңды оқып тұрамын, - дейтіндер болса, қуанып қаламын. Ал мені осы деңгейге көтерген жан - Əсел Асанова. Ол бізге бар білгенін үйретіп, туған əпкеміздей болып кетті. Сырларымызды бөлісеміз, ақыл-кеңесін аламыз. Сондай керемет! Мүмкін, ол болмағанда мен бүгін Ақниет Жаманқұл емес, Жаманқұл Ақниет болып жүрер ме едім? :) Мен өз есімімді қатты жақсы көремін. 

Болашақта Массагет үлкен, алып тұлғалы ұлы адамдардың мектебі болар. Ал біз сол мектептің алғашқы түлектерінің бірі боламыз. Біздің сынып жетекшіміздің есімі - Əсел Асанова. Біз соның көмегімен шыңдалдық, дамыдық. Массагеттің ең үздік сыныбы - Кемеңгер! Ал озат шəкірттердің ұстазы - Əсел апай! 

Массагеттің бары қандай жақсы! Ол - біздің жетістігіміздің алғашқы баспалдағы. ))