2015 жылы электрлі гидроцикл сатылымға шығады

2015 жылы электрлі гидроцикл сатылымға шығады

Әдетте мынадай тасымалдау көліктерін тек кинолардан ғана көруге болатын. Айта кетсек, Джеймс Бондтың жеке жабдықтары ретінде қолданылған көліктер. Әйткенмен де, словениялық Quadrofoil компаниясы фантастикаға кішкене болса да шындықты енгізгісі келіпті.

Аталған компанияның өкілдері ерекше құрылымға ие гидроцикл жасап шығарған. Q2 атауына ие болған гидроциклдің ішкі және сыртқы құрылымы бұрынғы газды қозғалтқыш негізінде құрастырылмаған. Оның басты ерекшелігі – жартылай дөңес су асты қанаттары болып отыр. Жаңа технологияға ие қанаттар көліктің толқындарға қарамай жоғары жылдамдыққа ие болуына мүмкіндік береді.

«Біз бар болғаны құрылымды толқынға бағыттап жасауға тырыстық. Сондықтан электр қуатымен қозғалатын көліктің толқынмен қарсы келуі қауіпсіз деңгейде болады», - дейді Quadrofoil компаниясының жетекші маманы.

Енді гидроциклдің құрылымынан қуатына көшетін болсақ, Q2 сағатына 40 шақырым жылдамдыққа дейін көтеріле алады. Су көлігінің бар электр қуаты 100 шақырымға жүзіп өтуге жетеді. Ал оның толық қуатқа ие болуы үшін екі сағат көлемінде электр көзіне қосылып тұруы тиіс болады.

Ал бағасына тоқталып өтсек, Q2A моделінің «кіші» нұсқасына алдын ала тапсырыс беру 18 650 АҚШ долларын құрайды екен. Егер Q2S гидроциклінің одан мықты нұсқасын алуға ниеттеніп отырсаңыз, небәрі $27 980 жұмсауыңызға тура келеді. Жаңа су көлігінің релизі 2015 жылдың көктеміне жоспарланған.

Сурет: www.20minutes.fr

Ж. Өрісбай