Осы аптада (Байқау)

Осы аптада (Байқау)
жеке
блог

Баршаңызға жалынды сəлем! Міне, сүйікті байқауымыздың соңына да келіп жеттік. Осы аптаны ағылшынға арнадым. Сұрақтарға қалай жауап беретінін, шылаулардың қойылу ережелерін, сөздердің оқылуы мен айтылуын, қалай жазылатынын үйрендім. Мəтіндермен жұмыс жасап, жеңіл өлеңдер арқылы үйренудемін. Тағы бір айтарым ағылшын пəнін таңдап, ҚазҰУ'ға түскен қызбен ағылшынша сөйлесіп, өз қателерімді түзеп жүрмін. Бұл расында пайдалы екен, өз қатеңді білуіңе жəне түзеуіңе септігін тигізеді!