Үздік бестік (арнайы тапсырма)

Үздік бестік (арнайы тапсырма)
жеке
блог

          Үздік бестік дегенде есіңізге қай "бестік" түсті? Массагеттік оқырмандардың өте білімді екенін ескерсек Абайдың "бес асыл ісі", Қазақтың "бес арысы", Қазақстанның "бес облысы немесе бес шекаралас аймағы» түскен болуы әбден мүмкін. Дегенмен, мен бүгін үздік повесттер туралы айтқым келіп отыр. 

       Кітап ақылына ешқашан ақы сұрамайтын ұлы қазына. Қай заман болмасын кітаптың алар орны ерекше. Қазіргі жастар кітап оқымайды деген бір жақты пікір қалыптасып, санамызға сіңгелі көп уақыт болды. Бірақ бұл пікірді түбегейлі өзгертетін жас буынның өсіп келе жатқанынан хабардар болыңыздар. Олардың бір шоғыры Массагеттің жанашыр жетекшілерінің қанатының астына жиналғандар. Олар - көрер күндері жарық жандар. Олардың болашағы кемел. Олардың алар асуы биік. Себеп біреу ғана. Жаңашылдыққа құштарлықтары деп білемін.

        Сонымен повестер жайында. 19 ғасырдың басында Ресейде « повесть» ертегі ретінде саналған. Ертегі, новелла сынды жанрлардың айырмашылықтары еленбеген дәуірде романнан өзгесі «повесть» болып саналды. Бертін келе «қысқа роман» деп те аталды.

        Үздік повесттерді анықтау үшін форум- тақылаулар өткізіліп тұрады ғой. Abai.kz сайтындағы форумда үздіктердің үздігі жинақталыпты. Ал менің ұсынатын үздік бестігім:

Бердібек Соқпақбаев « Балалық шаққа саяхат».

     Бірнеше жыл бұрын кітапханаға барып «Менің атым - Қожа» деген кітапты алдым. Бірақ, кино желісінен ана бір айырмашылық таппаған соң жалыға бастап едім. Сол кезде кітаптың соңғы бетін төңкере салып оқиғаның аяғы дәл кинодағыдай екеніне көз жеткізбек болдым. Зуылдап оқи бастадым. Түсініксіз оқиға, таныс емес есімдер. Сөйтсем бұл «Балалық шаққа саяхат» екен. Қожаны қоя тұрып бірден саяхатқа көштім. Оқыған кезде оқиғаның бәрі көз алдыма елестеді. Әлі күнге дейін анасына жалынып жүгірген кішкене баланың сұлбасы көз алдымда тұр.

     Сайын Мұратбеков «Жусан иісі».

     Бұл повестте менің балалық шағымның естелігі. Басты кейіпкер Аянның  зеректігі, күштілігі, жігерлілігі анық суреттеледі. Анасынан кішкене кезінен жетім қалды.Әкесі соғысқа аттанып, әжесінің қолында тәрбиеленген Аян қанша қиындыққа кезіксе де мойыған емес. Әкесінен «қара қағаз» келгенде де, әжесінен айырылғанда да көзіне жас алмаған еді. Аянның өр мінезі мені де тәрбиелегендей. Шүкір, ата-анам жанымда. Бірақ, мен қандай жағдай болса да «жұрттың көзінше» жыламаймын. Бұл бір бетіме киген бетпердем емес Мұратбековтың шығармасынан алған бойымдағы қайсарлық деп білемін.

     Бердібек Соқпақбаев «Менің атым Қожа».

    Балалық шаққа саяхаттағаннан кейін жазушының қаламының қарымына сүйсініп бұл шығарманы да оқып шығып едім. Бұзық «Қарақожаның» әрбір әрекеті ерекше. Әдетте шығарманы оқып отырып өзімше елестетуші едім. Ал бұл шығарманы оқып отырып  жазушы мен режиссер Абдолла Қарсақбаевтың шеберліктеріне сүйсінумен боласыз. Меніңше, бұл шығармаларды әр кітапқұмар бірнеше рет оқып жаттап алған да болар))))

   «Қараш-қараш оқиғасы».

     Мұхтар Әуезовтың 20 жылдардардағы шығармалырының ішіндегі ерекше орын алатын туындысы. Суреттеу, көркемдеу сапарындағы биік жетістігі. Шығарманың оқырманға берері мол. 1927 жылы жазылған қазақ әдебиетінің үздігі. Көркемшіл, ілгерішіл суреттеген. Шығармада зәбір көрген жандардың өздеріне қиянат қылған жандарға ашынғандарымен қарсы тұрмауы баяндалады. Басты кейіпкерлер қанаушылармен текетіресте ылғи жеңіліс тауып, өздерінің жандарын құрбан етеді.

      Үздіктердің қатарына Максим Горькийдің «Детсво» повестін қосқым келіп отыр.

    Әкенің өлімі, жетім өмірі, қатал өмір. Басты кейіпкер Алексей Каширин.Оның қиын өткен балалығы. Шығарманы оқып отырып, бүгінгі бақытты ұрпақ, осы өмірімізге мың да бір шүкір қылуымыз керек. Шығарманың негізгі идеясы: «Қандай жағдай да болмасын бір жақсылықтың болатынына сеніммен қарау».

   Бұл повесттер көпшілікке танымал, барлығы оқыған, оқуы тиіс шығармалар болғандықтан негізгі  мазмұнын жазбауды жөн көрдім. Байқау барысында роман оқып жүргендіктен, үздік романдар қатарын тізбектеуді тапсыратын болар деп ойлағанмын. Дегенмен, тапсырмамды орындағаныма қуаныштымын)))))

Бәріңізге сәттілік!