Кітапхана арқылы әлемді таныңыз (Байқауға)

Кітапхана  арқылы әлемді таныңыз (Байқауға)
жеке
блог

 

Алғашқы  мақсатым   бойынша   кітапханамен  тығыз  байланыста  болдым. Ең  алдымен  жұмысқа  деген  жауапкершілікті  сезіндім. Ауылдағы  кітапханамызбен сіздерді  таныстырған болатынмын. Қазіргі  уақытта  бір кітапханашы  еңбек демалысын алды. Оның  орнына  уақытша  мен көмекші  болдым. Таңертең 9:00  де  жұмыста  болып, өз жұмысыма  кірісіп кету  әдетке  айналды. Сонымен қатар ең  маңызды  формулярдың  толтыруын  үйрендім. Кітапханамыздың  1806   оқырманы  бар екен.Бұл жылдық көрсеткіш. Формуляр 250-ге  жуығы бар қазіргі уақытта. Кітап 15 күнге  созылып беріледі. Кітаптың алғашқы  бетіндегі  қосымша парақшаға тапсырылатын күн, формуляр номері  жазылып,оқырман қолы  қойылады. Формуляр 16 жастан бастап  толтырылады,оған дейін  оқушының  ата-анасының  атына  жазылады.  Оқырманның  куәлігі  кепілдік  ретінде  алынады. Арнайы  жәшікте  барлық  оқырманның  куәліктері  өз ретімен  сақталған. Бұл маңызды  құжат болғандықтан аса  сақтықпен  қарау керек.

роьгортор

    Кітапханамыз заманауи  бағытқа бетбұрыс  жасады.  Бір  жыл  бұрын  журналист  Есенгүл  Кәпқызы,Асхат Еркімбай  бастаған топ  кітапхана  жұмысын жаңартқан еді.Мен ізбасар кітапханашы  ретінде  қатысқан болатынмын. Осы идеялардың  арқасында   қызығушылығымның  оянғаны да рас. Онлайн вебинар өткізіп жаңа технологиялар арқылы  қондырғы орнатып  кітапхана  жаңалығын  ұялы арқылы  біліп отыратындай қылған. Нәтежиесінде   онлайн орталық   қондырғысын  ауылдың  тең  жартысы  қолданып, мемлекеттік  орыннан алынатын  анықтамаларды  телефон арқылы  қол жеткізіп отыр. Бұл ретте  менің  үйренгенім;   бағдарлама  арқылы  сұраныс жіберген   тұрғынға  базадан тауып беріп,жіберу. Фейзбук   парақшасында да  облыс,аудандардағы  жаңалықтарды  өзіміздің  кітапхана  парақгшасына  өңдеп  салуды  үйрендім. Бұл дегеніңіз  жаңа  ағыстан  қалмай,дамудың  белгісі  деп түсініңіз.

    Жас кітапханашы  ретінде өзімді  сезіне алдым. Апайдан маған жұмсақ қарамауын өтінген едім. Ол кісі  мені  бағалаған уақытта оқушы екен деп  қарамады. Әр тапсырманы  тиянақты  жасағаныма  қарап, «бес» деген бағасын берді. Менің  де  көңілім тоқ) 

ипт