Шимай. Ыстық ұя.

    Дин-дин-дин...

    Тағы да таң. Ұйқысынан әзер тұрған ол дереу телефонын алып тексере бастады. Соооол, ерекше ештене болмаған.

  "Сен сабақ кестесін алып па едің?"

 -Жоқ, күзде беремін деген.

 "Универге барды ма екен дегенім ғой. Мәссаған, неге ерте тұрғансың?"

-Айтпаааймын)-деп құрбысына хатына жауап бергеннен кейін, орнынан еріне тұрып, айнаға қарап өзін-өзі ретке келтіре бастады. Айнаның алдындағы суреттері келдің бе дегендей, рамкалары жылтылдайды. Бәрі де ыстық. Бәрінің де өз оқиғасы бар. Әркімге өз үйі үлкен сарайдай емес пе! Бүгін ерекше көңілді оянып, оның үстіне мына суреттерді көріп, балаша мәз болды. Мынау олардың отбасылық ең алғашқы суреті. Мынау әкесінің әскердегі суреті. Жалындаған жастығы еді... Мынау өзінің асыл аяулы анасы мен үш жасқа енді келген өзі. Одан кейінгісі мектеп табалдырығын енді аттаған кішкентай Алуа мен  "еті сенікі, сүйегі менікі" деп мұғалімнің қолына тапсырған ата-анасы. Олар ол кезде мына кіп-кішкентай бүлдіршіннің осы мектепті үздік бітіріп, олардың үмітін ақтап, ең беделі университетке оқуға түсерін білді ме?

  Одан...одан кейін бос рамка...

 Барлығын келіп құртып жіберген сол еді. Ол өзінің көңіл  түсірмеуге тырысып, телефонынан ән қосқан күйі бөлмесін жинауға кірісті. Бөлмесі өте үлкен еді. Ата-анасының жалғыз қызы, болғандықтан бетінен қақпай өсірген оның бөлмесінде жоқ зат жоқ шығар...

   Ерке болып өскенімен ол есерленіп кетпейді, қанағат ұғымын біледі. Ата-анасының мазасын алмауға тырысады. Ата-анасы жұмыстары ауыр болса да көңіл бөлуге тырысады. Серуенге апарады, қалаған затын алып береді, айтқанын екі етпейді. Алуа осындай бақытты отбасында дүниеге келгеніне шүкір деді. Жаңағы көңілсіздігі ұмытылып әнге қосылып билеп жүрді.

  -Қызым, тұрдың ба?-деген анасының үні естіле салысымен оған қарай жүгірді де, құшақтап алды.-Ұйқын қанды ма, жарығым?

-Әрине, анашым!-деді де үстелге жайғасты.

-Қалың қалай? Неге ерте келдің? -деді шай құйып жатқан анасы.

-Сіздерді сағынып кеттім!

-Бізді шошыттың ғой. Бірдеме болдыма деп уайымдап, түнде сенің ыстығыңды көріп жүрсек. 

 Х       Х        Х     Х

  Жаңбыр дыбысы...Тық-тық... Терезенің алдыңда отырған Алуа жаңбырды ұнататын-ды, жаңбыр жауса кішкентай бала секілді алақайлап, серуендеп анасының "ауырып қаласынына" қарамастан жаңбыр жауғаны тоқтағанша қаланы аралап, 2-3 күн бойы төсектен тұрмайтын. Бәрібір де, ол жаңбырды сүйетін еді... Бүгін анасы жұмысқа кетерде ешқайда кетпе деген сөзінен бе, әлде көңілсіздігінен бе, далаға шыққысы келмеді, жаңбырды терезенің алдыңда тамашалап отырды. Басқалар үшін жай ғана жаңбыр, кейбіреулер үшін бақыт, кейбіреудің соры болса, ол үшін таңғажайып еді...Жаңбырға қарап өткенін есіне алды... Белгісіз қорқыныш... Ол әлі де үрейленіп жүр... Мүмкін, бұл жай шөп дыбысы шығар, әлде қатты шаршағандықтан құлағына естілген болар... Өзін қанша жұбатса да көңілі орнына келер емес...Дәрігер жігіт... Ол есіне түскен сайын көзіне тәтті елестер оралады. Сол шақтарға қолын созса да жете алмайды... Ол жыламауға тырысты... Бірақ, оны біреу кескілеп жатқандай еді...



Бөлісу: