Жүрегі алтын,жүзі жарқын жан! (Жанкүйерлік блог)

Жүрегі алтын,жүзі жарқын жан! (Жанкүйерлік блог)
жеке
блог



    Байқау басталғалы тобымызда алға суырылып шығып, көзге ең алғаш түскен жан - Көркем.Сондай белсенді қыз.(көбісі ойлар топ ішінде болғасын жайдан жай жанкүйерлік блог жаза салып жатыр деп,мүлде олай емес,біз бір-бірімізді сондай қатты жақсы көреміз,құрметтейміз)
   Көркемнің есімінің өзі оның қандай жан екенін айтып тұр.Көркем десе- көркем қыз.Ол əрқашан көмек беруге дайын тұрады.Топта бəрімізге қол ұшын созып,білмегенімізді үйретеді.Екеуміз құрдас болғанымызбен оның білетіні меннен əлдеқайда көп!
   Байқауымша кітаптан қол үзбейтін жан.Сөйлеген сөзі де əдеби,мəдени,өте сыпайы.
Екеуімізде сыр өңірінің қыздарымыз.Бірақ,мен Астанада өскеніммен бұл Көркемнің ой-өрісі меннен де мықты.Əйтеуір білмейтіні жоқ.Арман-мақсаттары көп.Болашақта əріптес те болуымыз ғажап емес.
Көркемжан діттеген мақсаттарыңа жет.Сен мықтысың,жігерлісің!Сеннен көп үміт күтеміз!